• Басты
  • Жаңалықтар
  • Премьер-Министр ИДМ мен СІМ-ге инвестициялық штабтың толыққанды отырысын әзірлеуді тапсырды

Премьер-Министр ИДМ мен СІМ-ге инвестициялық штабтың толыққанды отырысын әзірлеуді тапсырды

10 Тамыз, 2016 17:19
ҚР Үкіметінің отырысында Премьер-Министр Кәрім Мәсімов Инвестициялар және даму министрлігі мен Сыртқы істер министрлігіне инвестициялық штабтың толық отырысын дайындауды тапсырды.

«Бұл жұмыс бойынша Мемлекет басшысының сыны қабылданған болатын, көптеген даулар нәтижесінде біл шешім қабылданды, олармен қазір екі министрлік айналысып жатыр. Сондықтан мен екі министрге аз мерзімнің ішінде инвестициялық штабтың толық отырысын дайындауды тапсырамын. Екеуің отырыстың уақытын бекітіңдер. Екі министрліктен де көп ұсыныстар болды, оларды тәжірибе жүзінде іске асырған жөн», - деді К.Мәсімов.

 Осыған дейін Үкімет инвестициялық штабты халықаралық инвестициялық банктер мен халықаралық консалтингтік топ ашу үшін құрған болатын. Инвестициялық штаб Премьер-Министрдің төрағалығымен жұмыс істейтін болады.

Индира Кауметова

 

Барлық жаңалықтар