Қаражатты игерудің артта қалушылығы 1 қыркүйекке дейін жойылады – ҚР ЭҰМ

10 Тамыз, 2016 17:08
«Нұрлы жол» бағдарламасын іске асыруға бөлінген Ұлттық қор қаражатының игерілуі қаржыландыру жоспарына сәйкес жоспарланған көлемде жасалуда, алайда кейбір артта қалушылықтар бар. 769,6 млрд теңгенің бүгінгі күні 231,3 млрд теңгесі ғана игерілген.

Ұлттық экономика министрінің бірінші орынбасары Марат Құсайновтың айтуы бойынша, 2016 жылы «Нұрлы жол» бағдарламасын іске асыру үшін ұлттық қордан 769,6 млрд теңге қарастырылған, оның ішінде 503,4 млрд теңге мақсатты трансферт түрінде және 266,2 млрд теңге ұлттық холдингтердегі облигациялар шығарылымы арқылы. 2016 жылдың 1 тамыз жағдайы бойынша барлығы бағдарлама бойынша 231,3 млрд теңге игерілген.

«Мақсатты трансферттерден 214,1 млрд теңгеден жоспар бойынша 208,1 млрд теңге игерілген. Біздің тапсырмаңызға сәйкес, бюджеттік бағдарлама әкімшілігімен жұмыс өткізілді және 8 тамыз жағдайы бойынша 22 млрд теңге қосымша игерілді. Оның нәтижесінде, бүгінгі күні мақсатты трансферт бойынша игерім 236,4 млрд теңгені құрады немес жылдық жоспардан 47 пайызы»,-деді Марат Құсайнов.

Облигациялық қарыз беру бойынша, құрылыс ерекшелігіне байланысты 2 жыл ішінде келісім-шарт көлемі бойынша қаражатты кезең-кезеңмен дамыту қарастырылған.

Бүгінгі күні холдингпен 266,2 млрд теңгеден операторлармен 199,8 млрд теңге аударылды. Мердігерлермен 135,6 млрд теңгенің келісімшартына қол қойылды және 23,2 млрд теңге игерілді.

«Мақсатты трансферт бойынша қаражатты 100 пайызға игеру мақсатына кіруге ағымдағы жылдың 8 айында бюджеттік бағдарлама әкімшілігіне және аймақ әкімдіктеріне жоспарланған байқау рәсімдерін жүзеге асыруды жеделдетуге және бөлінген қаражатты уақтылы игеруді қамтамасыз етуге тапсырма беруіңізді сұраймын. Сонымен қатар,  облигациялық қарыз бойынша қаражатты игеру 2016-2017 жылдарға қарастырылғандықтан,  экономиканы жаңғырту бойынша Мемкомиссияда тұрғын үй құрылысы көлемінің шарттына сәйкес, холдингтің қаржыны игеру кестесін бекітуді ұсынамын»,-деп М. Құсайнов ҚР үкіметінің басшысына айтты.

Айта кететін жайт, «БЖК 2020» аясында Кәсіпкерлік үшін жетіспейтін инфрақұрылым объектілерін қорытындылау үшін 15 млрд теңгенің 4,5 млрд теңгесі аударылған және оның 3,9 млрд теңгесі иегрілген немесе қаржы жоспарының 87 пайызы.

Марат Құсайновтың айтуы бойынша, акімдіктің ақпараты бойынша, қаражатты игерудің артта қалушылығы 2016 жылдың 1 қыркүйек айына дейін жойылады.

Барлық жаңалықтар