Қазақстанда жалға беру баспанасының құрылысына 22 млрд теңге бөлінді

10 Тамыз, 2016 16:32
2016 жылдың 8 тамызындағы жағдай бойынша жалға беру тұрғын үйінің құрылысына 22 млрд теңге бөлу туралы келісім жасалды. Бұл туралы «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Ләззат Ибрагимова Үкімет отырысында мәлімдеді.

«Жалға беру тұрғын үй құрылысына «Қазақстанның ипотекалық компаниясы» АҚ холдингінің еншілес ұйымы арқылы  22,5 млрд теңге бөлінді», - деді ол.

2016 жылдың 8 тамызындағы жағдай бойынша, 128,5 мың шаршы метр алаң тұрғын үй салуға 22 млрд теңге көлемінде келісім орнатылды, оның 8,9 мың шаршы метрі пайдалануға берілді. «Келісім орнатылмаған 0,5 млрд теңгеге байқаулық шаралар өткізілуде. 2016 жылдың соңына дейін келісім орнату жоспарланған. Мердігерлерге 12,8 млрд теңге бөлінді. Қалғанын жыл соңына дейін игеру қарастырылып отыр», - деді ол.

Индира Кауметова

Барлық жаңалықтар