Қаржыландыру жоспарының 88,2%-ы білім беру саласына игерілген – ҚР БҒМ

10 Тамыз, 2016 16:49
2016 жылы ұлттық қор қаражатынан білім беру нысандарының құрылысына 57,9 млрд теңге қаражат бөлінді. Оның аясында 96 нысанның құрылыс жүргізілуде. Оның ішінде 19 балабақша, 77 мектеп, деп ҚР білім және ғылым вице-минситрі Бибігүл Асылова ҚР Үкіметінің отырысында мәлім етті.

«2016 жылы ұлттық қор қаражатынан білім беру нысандарының құрылысына 57,9 млрд теңге қаражат бөлінді. Оның аясында 96 нысанның құрылыс жүргізілуде. Оның ішінде 19 балабақша, 77 мектеп. 17 мектеп апаттық жағдайдағы мектептердің орнына салынады, 59 мектеп үш ауысымды оқытуды жабу мақсатында салынады. 1 тамыз жағдайы бойынша еліміздің 11 аймағында білім берудің 21 нысаны пайдалануға берілді. Оның санына 13 мектеп және 8 балабақша кіреді»,-деді вице-министр.

Вице-министрдің айтуы бойынша, бүгінгі күні 23,7 млрд теңге игерілген немесе қаржыландыру жоспарының 88,2%-ы білім беру саласына игерілген. Шамамен 3,0 млр теңге Ұлттық қор қаражатынан «ЖОО-да зертхана» құру үшін берілген.

Сонымен қатар, ұлттық экономика министрінің бірінші орынбасары Марат Құсайнов 10 аймақ бойынша қаражаттың игерілмегенін айтып өтті. Олар: Шығыс Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды, Алматы, Жамбыл, Қызылорда, Атырау, Павлодар облыстары және Астана қаласы. Әкімдіктің ақпараты бойынша, бұл мемлекеттік сатып алу байқауымен және құрылыс жұмысы кестесінің қалып қоюына байланысты.

Барлық жаңалықтар