• Басты
  • Жаңалықтар
  • ҚР Премьер-Министрі өңірлерде қаржыны игеру жағдайын қадағалауды тапсырды

ҚР Премьер-Министрі өңірлерде қаржыны игеру жағдайын қадағалауды тапсырды

10 Тамыз, 2016 16:21
Премьер-Министр Кәрім Мәсімов Үкімет отырысында өңірлерде қаржыны игеру жағдайын сараптауды тапсырды.

«Әкімдердің назарын өңірлердегі қаржыны игерудің жүзеге асуына аударамын. Бұл әкімдердің ұжымдық жауапкершілігі және бюджеттік бағдарламалардың әкімшілерінің міндеті. Бүгінгі қадағалау жасалып жатқан жұмыс әлі де жеткіліксіз екенін көрсетті. Сондықтан ұлттық экономика министрлігіне  өңірлердегі қаржыны жұмысауды қадағалап,  әкімдердің орынбасарларына жүктелетін жауапкершілікті арттыруды сұраймын», - деді Үкімет басшысы.

Сондай-ақ, Кәрім Мәсімов «Бәйтерек» АҚ мен «Самұрық-Қазына» АҚ  жоспарланған тұрғын үйді көлемінше игеруді қадағалауды тапсырды.

«Бұл істі Ө.Шөкеев пен Е. Досаев өз қадағалауларында ұстауы керек», - деді К.Мәсімов.

Сондай-ақ, Премьер-Министр облыс әкімдері мен Астана, Алматы әкімдеріне білім беру нысандарының құрылысы мен олардың уақытында пайдалануға берілуін қамтамасыз етуді тапсырды.

«Бюджеттік бағдарламалар әкімшілері күн сайын бөлінген қаржыны игерудің мониторингін жүргізуі керек.  ҰЭМ ай сайын болған жағдайға орай ақпараттандыруы керек. Мен бұл бағдарламаны ай сайын үкімет отырысында қарастыратын боламын. Ал, Б.Сағынтаевқа әрбір екі апта сайын қадағалап отыруды жүктеймін», - деді ол.

Индира Кауметова

Барлық жаңалықтар