Мәжіліс депутаттары Оралдағы тұрғын үй кешенінің құрылысымен танысты

10 Тамыз, 2016 15:18
Мәжіліс депутаты, «Нұр Отан» фракциясы партиясының мүшелері Шавхат Өтемісов пен Снежанна Имашева Батыс Қазақстан облысына барды, деп хабарлады Мәжіліс.

Парламентшілер  «Орал сауда-өндірістік копаниясы» ЖШС еңбек ұжымымен кездесу өткізді. Фирма  сумен қамту жүйелері үшін полиэтилен  тұрбаларын шығару, газбен қамту, телекоммуникация, технологиялық тұрба құбырлары мен  пластмассадан құралатын халықтық тауарларды шығарады.

Кездесу аясында Мәжіліс парламентшілері 500 пәтерлік бесқабатты тұрғын үй кешенінің құрылысымен танысты.  Жұмыс  Ұлттық қордан бөлінген қаржыға жүзеге асырылуда. Нысанның құны 2943,4 млн теңге.

Осыған орай, Мәжіліс депутаттары әйелдерді оңалту және қалыпқа келтіру әлеуметтік орталығы мен Халыққа қызмет көрсету орталығының жұмысымен танысты.

Оған қоса, кездесу аясында депутаттар Қазақстанның 25 жылдағы жетістіктері туралы сайлаушыларға әңгімеледі.  Елбасының Ұлт жоспары «100 нақты қадам» бағдарламасын жүзеге асуы мен Елбасының Халыққа Жолдаулары туралы ақпарат берді.

 

 

 

Барлық жаңалықтар