• Басты
  • Жаңалықтар
  • 2016 жылдың қазан айында Қазақстанда төлемдер және төлем жүйелерінің жаңа заңы күшіне енеді

2016 жылдың қазан айында Қазақстанда төлемдер және төлем жүйелерінің жаңа заңы күшіне енеді

10 Тамыз, 2016 14:31
«Төлемдер және төлем жүйелері туралы» Қазақстан Республикасының Заңына халықаралық талаптарға сәйкес жаңашылдықтар енгізілді. Жаңартылған заң ағымдағы жылы 10 қазан айында күшіне енеді. Бұл туралы ҚР ҚМ Мемлекеттік табыс комитетінің төрағасы Дәулет Ерғожин ОКҚ-да өткен баспасөз-конференциясында мәлім етті.

«Біздің мақсатымыз – кәсіпкерлік ортаға аз араласатын және рәсімдердің ашықтығын қамтамасыз ететін жұмыс жүйесінің әсерін құру. Ол кірістерді жалпы декларациялау құру үшін жағдай құрады. Осындай бастамаларды енгізу үшін біздің шетелдік әріптестермен жұмыс жүргізілуде және оның нәтижесінде заңнамаға өзгерістер енгізіледі, ол үздік халықаралық тәжірибеге сәйкестендірілген. Осыған орай, заңнаманың өзгерістеріне тоқтала кеткім келеді. Өзгеріс бүгін ресми түрде жарияланды және жарияланған күннен бастап 60 күннен кейін өз күшіне енеді – яғни,  2016 жылдың 10 қазан айында»,-деді Д. Ерғожин.

Осылайша, Заңға сәйкес шетелдік тұлғамен мәмілелер түседі.

«ҚР ҰК 14 тармағы Заңға жататын адамдардың санын анық реттейді.

Осылайша, шетелдік көзден қаржыландыру алған жеке және заңды тұлғаларға Мемлекеттік кіріс органдарына есеп беру бойынша міндет туындайды. Айта кететін жайт, бұл өзгертулер өз бизнестерін жүргізіп жатқан және есеп беріп жүргендерге қатысы болмайды. Олар тек қызметтің 3 түріне ғана қатысты: заңнамалық көмек көрсету, қоғамдық пікірді зерделеу, жинау, талдау және ақпаратты жариялау»,-деді ол.  

Оның айтуы бойынша, іске асырылып жатқан шаралар хабарландырушылық сипатқа ие, салық төлеушілердің құқығын шектетпейді және олардың алуы мен ұстауына ашық рәсімді құрады.

«Осылайша, 10 күн ішінде мәмілеге келгеннен кейін, мемлекеттік кіріс органдарына хабарлама ұсыну керек. Есеп екінші айдың 15-ші күніне дейін тапсырылуы керек»,-деді ол.

Айта кететін жайт, осыған ұқсас тәжірибе ЭЫДҰ, АҚШ, Ұлыбритания, Қытай және Израиль елдерінде бар. Осылайша, жаңашылдық толығымен халықаралық стандартқа сәйкес келеді.

«Барлық іске асырылып жатқан шаралар кәсіби ортаны, біздің еліміздің инвестициялық ортасын жоғарылатуға бағытталған»,-деді ол.

Индира Қауметова

Барлық жаңалықтар