Павлодар облысында егін жинау науқаны басталды- АШМ

10 Тамыз, 2016 14:57
Ағымдағы жылы Ертіс маңында 676,6 мың га. аумаққа ауыл шаруашылығы дақылдары егілді, деп хабарлады Ауыл шаруашылығы министрлігі.

10 тамыздағы жағдай бойынша өңір аумағында 3,5 мың га егіс алқабы жиналып, астық өнімділігі 9,7 ц/га құрады.

Қазіргі таңда Павлодар облысы күзгі-далалық жұмыс басталған 7-ші өңір. Ақтөбе, Алматы, Батыс Қазақстан, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарында орым науқаны қызу жүріп жатыр.

Жалпылай алғанда, республика бойынша 10 тамызға 731,8 мың га жиналып, орташа егіс өнімділігі 21,7 ц/га, ал бастырылған егін 1590,4 мың тоннаны құрап отыр.

Барлық жаңалықтар