- Басты
- Жаңалықтар
- Армия ойындарында қазақстандық үздік кинолог атанды (ФОТО)
Армия ойындарында қазақстандық үздік кинолог атанды (ФОТО)
Үшінші орында Белоруссияның командасы, төртінші орынды ФААЕҚҰ командасы жеңіп алды. «Дог-биатлон» (эстафета) сайысының соңғы кезеңі шеңберінде кинологтар өздерінің қызметтік иттерімен бірге тұру қалпында ұсақ калибрлі винтовкадан оқ атуларды орындай отырып, 800 метрден 2 шеңберді айналып өтті.
Осы кезеңде жеке есепте байқауда бірінші болып, 699 ұпай жинаған капитан Бауыржан Мұқышев бәрінен үздік өнер көрсетті. «Адал дос» тұңғыш халықаралық кинологиялық байқауы Мәскеу облысының Дмитров ауданында Қызметтік итті бағып-өсіру орталығы Қызыл Жұлдыз 470-ші оқу орденінің («Қызыл Жұлдыз» тайпалық тәлімбақ) базасында аяқталғанын айта кетейік.
«Армия халықаралқ ойындары – 2016» шеңберінде өткізілген әскери кинологтардың «Адал дос» алғашқы халықаралық байқауына Ресей, Қытай, Белоруссия және Қазақстанның 25 қызметтік иттерімен бірге 50 тәлімгер қатысқанын естеріңізге сала кетейік. ФААЕҚҰ-ның «Ардагерлер одағы» командасы байқаудан тыс негізде өнер көрсетті.
Байқауға қатысу үшін қазақстандық қызметтік иттерді дайындау кезінде ҚР Қарулы Күштері Әскери полициясы бас басқармасы малинуа және неміс овчаркасы тұқымдас иттерге басымдық берді. Кинологтардың жарысы төрт байқау кезеңі бойынша өткізілді. Атап айтқанда, дог-биатлон (жеке жарыс), қорғаныс қызметі, кедергілер жолағын бұзып өту және дог-биатлон (эстафета). Сайыс жеңімпаздарына естелік кубоктар, медальдар мен атаулы грамоталар, сондай-ақ, бағалы сыйлықтар, яғни, квадроциклдар, скутерлер, ноутбуктер табыс етілді.
-
Мектеп оқушылары арасында үздік ораторлар белгілі болды -
30 қазақстандық компания «Жасыл кеңсе» конкурсының жеңімпазы атанды -
Халықты әлеуметтік қорғаудың қазақстандық моделі -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 2 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
Үйде арнаулы әлеуметтік қызмет ала алатын қазақстандықтардың тізбесі кеңейтілді -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 1,7 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
Үздіксіз білім берудің әлеуеті қалай -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 1,5 трлн теңгеден астам сомаға зейнетақы төленді -
Үкіметаралық келісім шеңберінде қазақстандықтар қай елдерде тегін оқи алады -
COVID-19: 4 млн-нан астам қазақстандық вакцина алды -
БҒМ: 330 қазақстандық шетелде тегін оқуға мүмкіндік алды -
6 шілде: Назарбаевтың өмірбаяны, еңбек жолы және үздік бастамалары -
Қанша қазақстандық коронавирусқа қарсы вакцина алды -
Strategy2050.kz тілшісі «Заманауи білім» республикалық конкурсының жеңімпазы атанды -
EdTech: Қазақстандық білім беру технологиялары форумына тіркелу басталды