«ОҢАЙ» карталарын Қазпочта арқылы толтыруға болады

10 Тамыз, 2016 20:41
«ОҢАЙ» электронды билеттендіру жүйесінің операторы және «Қазпочта» АҚ Алматы қаласы және Алматы облысы бойынша «Қазпочта» АҚ-ның автоматтандырылған бөлімшелері арқылы «ОҢАЙ» көлік карталарын толтыруға арналған жаңа қызмет түрінің қосылғанын хабарлайды.

Хабарлағандай, «ОҢАЙ» картасын қолданушылары Алматы облысының 350-ден астам және Алматы қаласының 90-нан астам почталық бөлімшелері арқылы карта теңгерімін толтыра алады.

Көлік картасының теңгерімін бөлмшелердегі кассалар арқылы қолма-қол ақшалай, сонымен қатар кез-келген банктің төлем картасы арқылы www.post.kz сайтында толтыруға болады.

 

Барлық жаңалықтар