- Басты
- Жаңалықтар
- 2016 жылы Маңғыстау облысында «Даму» қоры 55 жобаны қолдады
2016 жылы Маңғыстау облысында «Даму» қоры 55 жобаны қолдады
«Даму» қоры хабарлағандай, конференция барысында Кәсіпкерлік басқармасының басшысы Венера Мұстапаева БАҚ өкілдерін «Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау және дамытудың Бірыңғай бағдарламасы (одан әрі – Бірыңғай бағдарлама) аясындағы кәсіпкерлікті қолдау шараларымен және аталған бағдарламаның Маңғыстау облысында 2016 жылдың 1 жартыжылдығындағы жүзеге асыру қорытындыларымен таныстырды. «Даму» Қорының Маңғыстау облысы бойынша аймақтық филиалының директоры Нұрғалиев Беріктің айтуынша, «Даму» Қорының жұмысының негізгі бағыттары – кәсіпкерлерге қаржылай қолдау көрсету, кәсіпкерлердің құзыреттілігін дамыту және кеңес беру қызметтері.
2016 жылдың бірінші жартыжылдығында, аталған құрал бойынша Маңғыстау облысында несиенің жалпы сомасы 1 326 млн теңгені құрайтын 55 жоба қолдау тапты.
Ең көп қолдау тапқан жобалар саны Жаңаөзен қаласында (42%) және Мұнайлы ауданы (22%). Облыс аудандарындағы жобалар үлесі 85 пайызды құрайды. Субсидия бойынша қолдау тапқан жобалар саны өткен жылмен салыстырғанда 96 пайызға жоғарлады. 2016 жылдың басынан бастап Маңғыстау облысында «Даму» қорының кепілдігімен 539 млн теңгеге 25 жоба несие алды.
Кәсіпкерлерді қаржылай емес қолдау бойынша көптеген жұмыстар да атқарылды. КҚКО-да облыстың әлеуетті және қолданыстағы кәсіпкерлеріне 2,5 мыңнан аса кеңестік қызметтер көрсетілсе, 17 бизнес–жоспар әзірленіп, 30-дан асса жобаға толық сүйемелдеу көрсетілген болатын. Банктерден несие алу үшін бірлескен құжаттар жиналған. Сонымен қатар «Даму» Қорының аймақтық филиалы жанында Мобильді қолдау көрсету орталығы жұмыс істеуде. Бұл жабдықталған автобус Маңғыстау облысының аудандарына жарты жыл ішінде 28 сапар жасап, 900-дан астам ауыл кәсіпкерлеріне жұмыс барысында кеңестік қызметтер көрсетті.
Сондай-ақ, «Назарбаев Университеті» ДБҰ Жоғарғы бизнес мектеп базасында «Шағын және орта бизнестің топ-менеджментін оқыту» жоба бойынша Маңғыстау облысында шағын және орта бизнес субъектілерінің 5 топ-менеджері оқытылды.
«Даму-Көмек» жобасы аясында 8 мүмкіншілігі шектеулі кәсіпкерлерге демеушілік көмек көрсетілді.
Әсіресе «Студенттердің кәсіпкерлік бастамаларын қолдау» және «Жаңа бизнес ашуға қолдау көрсету» жобасы аясында «Маңғыстау туризм колледжінің» 100-ден астам студенттеріне және стартап- кәсіпкерлер үшін оқыту жүргізілді. 2016 жылы мамыр айында «Даму» қоры арқылы қолдау алған Маңғыстау облысының 14 кәсіпорыны «Қазақстанда жасалған» ұлттық көрмесіне қатысып, өзінің өнімдерін таныстырды.
Қазіргі уақытта туризм саласында кәсіпкерлікті қолдаудың өңірлік бағдарламасын іске асыру барысында Аймақтық үйлестіру кеңесінде 658,5 млн теңгеге 9 жоба мақұлданып, қаржыландыру жайы серіктес банктерде қарастырылуда.
-
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
Жылыту маусымы: Өрт қауіпсіздігі қалай қамтамасыз етіледі -
III Нобель фестивалі: Екінші күнінің қорытындылары -
АШМ: Ұлттық жобаның негізгі міндеттері мен импортты алмастыру мәселелері -
ІІМ: Жол қауіпсіздігі мәселелері және жедел-қызметтік жұмыс қорытындылары -
Маңғыстау облысында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
Маңғыстау облысының дамуы: Өңірді сумен жабдықтау, газ, мұнай өндіру және экология мәселелері -
Халық санағы: Үй аралау кезіндегі ерекшеліктер, аралық қорытынды және қауіпсіздік шаралары -
Маңғыстауға Қостанай облысынан 32 миллион теңгеге тегін мал азығы әкелінеді -
АШМ: Астық өндіруші елдер, дәнді-дақылдар қоры және егін жинау жұмыстары -
Б.Байжұманов: Алматы облысында коронавирус жұқтырғандар саны азайды -
Жолдау 2021: Мемлекеттік қаржылыны тұрақтандыру және өңірлерді дамыту шаралары -
ІІМ: Жамбыл облысындағы жарылыс және балалардың жолдағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері -
Алматыда мектептер мен балабақшалардың жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары -
Маңғыстау мен Қызылорда облыстарында құрғақшылыққа байланысты қолға алынған шаралар