93 кәсіпорын ЖҚШ-дан сүт сатып алуға дайын

10 Тамыз, 2016 11:48
Сүт көлемдерінің жүктемесін арттыруға мүмкіндігі бар өңдеуші кәсіпорындарға сауалнама жүргізілді, деп хабарлады АШМ.

Алынған деректерге қарағанда, 152 кәсіпорын ішінен 93 кәсіпорын жеке қосалқы шаруашылықтарынан 380 мың тонна көлемінде сүт сатып алуға дайын. 59 кәсіпорын таза шикізат сатып алуға қызығушылық танытпады, себебі олардың өндірісі құрғақ сүт пайдалануға негізделген.

«Көбіне сүт өндеүші кәсіпорындар дайын өнім қорабында   құрғақ сүтті пайдалану туралы ақпаратты көрсетпейді және мұндай өнім табиғи сүттің бағасымен сатылады. Осыған байланысты, тұтынушылардың құқықтарын қорғау Комитетіне өндірілетін сүт өнімдеріне техникалық регламент талаптарын ұстану бойынша бақылауды күшейту ұсынылуда.  

Айта кетейік, қазіргі таңда ҚР АШМ тарапынан ауыл тұрғындарын жұмыспен қамтамасыз ету және АӨК өнімдері өндірісінің көлемдерін жеке қосалқы шаруашылықтарды пайдалану арқылы арттыру бойынша шаралар қолға алынуда.

Барлық жаңалықтар