- Басты
- Жаңалықтар
- 2016 жылғы білім грантының иегерлері анықталды
2016 жылғы білім грантының иегерлері анықталды
ҚР БҒМ мәліметінше, биыл жалпы 31 мың 702 грант бөлінген. Оның 2950 орны жоғары оқу орындарының дайындық бөлімдеріне білім алуға, 28 752 гранттың бірінші курсқа қабылдауға бөлінген (күндізгі оқу – 28 452, сырттай оқу – 300 грант).
Техникалық және технологиялық мамандықтарға – 12 593 грант бөлінген, педагогикалық мамандықтарға шамамен 5 мың грант бөлінген, ауыл шаруашылығы және мал дәрігерлік мамандықтарына шамамен 2 690 грант, медициналық мамандықтарға 3 мың грант бөлінген.
«Білім гранттарын үлестіру конкурсына жалпы 59 677 адам қатысты. Олардың 47 342-сі қазақ тілінде білім алатындар, ал 12 335-і орыс тілінде білім алатындар. Студенттерді «Мәңгілік ел жастары - индустрияға!» жобасының аясында квота бойынша конкурсқа 9 797 адам қатысты», - делінген хабарламада.
Байқауға қатысушылардың ішінде 2208 түлек «Алтын белгі» иегері, 303-і колледж түлегі, ал жалпы білім беру пәндерінен халықаралық және республикалық олимпиадалардың жеңімпаздарының саны - 169, жалпы білім беру пәндері бойынша халықаралық және республикалық ғылыми жарыстардың жеңімпаздарының саны - 854, республикалық және халықаралық спорт жарыстарының жеңімпаздарының саны - 948, Президент олимпиадаларының 9 жеңімпазы бар.
Осыған дейін Білім және ғылым министрлігінің өкілдері алдын ала қорытынды бойынша, биыл «Алтын белгі» иегерлерінің бірқатарының мемлекеттік грант есебінен білім ала алмайтынын хабарлаған болатын.
Сондай-ақ, байқауға 492 жетім бала мен I, II топтағы 363 қажеттілігі жоғары жандар, 37 жеңілдігі ие абитуриент, 1053 қазақстандық азамат болып есептелмейтін қазақ ұлтының өкілдері қатысқан. Олар үшін арнайы квота дайындалған.
-
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Елордада Al-Farabi Knowledge Centre атты білім орталығы ашылды -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
«Денсаулық» бағдарламасы: медициналық білім беруді жаңғырту мәселелері -
«Білімді ұлт»: Балаларды мектепке дейінгі тәрбие және біліммен қамту мәселелері -
Білім беру саласын цифрландырудың маңызы -
Екібастұз қаласының дамуы: инвестициялық жобалар, тұрғын үй, денсаулық сақтау және білім беру жүйелері -
Алматыда дәстүрлі форматта білім беруді ұйымдастыру қалай жүргізілуде -
Үздіксіз білім берудің әлеуеті қалай -
Тамыз кеңесі:Білім беруді дамытудың өзекті мәселелері талқыланды -
АХҚО олимпиада жеңімпаздары Қазақстан мен Ресейдің жетекші ЖОО-ларында білім алмақ -
Білім беру гранттарын тағайындау: Қандай құжаттар қажет -
Шетелдегі қандастармен мәдени-гуманитарлық байланыс, білім гранттары және қазақ жастарының клубы -
ҚМ: Әскери ынтымақтастық, жауынгерлік дайындық және әскери білім беру мәселесі -
Қандай білім беру ұйымдары мемлекеттік аттестаттаудан өтеді