Ақмола облысында ірі қоректендіру алаңы салынады

10 Тамыз, 2016 09:46
Қазақстандағы ең ірі қоректендіру алаңы Ақмола облысында салынады, оның сиымдылығы 3 мың бас қара мал, деп хабарлады облыс әкімдігі.

« «Ерейментау Құлан» ЖШС қоректендіру алаңы  бір мезетте 3000 малды қабылдай алады, ол 2016 жылдың қазанында салынуы керек. Құрылыс биылғы жылдың мамыр айында  Ақсуат ауылында басталды. Жобаны «ҚазАгроҚаржы» АҚ мақұлдады, жобаның жалпы құны 1,2 млрд теңгені құрады», - делінген хабарламада.

Дайын өнімді іске асыру, ет және қатқан ет ретінде дайындап шығару өңірде ғана емес, оның сыртында да жүзеге асырылады.

Әкімдіктің мәліметінше, ақмолалық ет Астанаға жеткізіледі. Астана маңайындағы азық-түлік белдеуін дамыту аясында 5  ай ішінде елордаға 5,6 мың тонна ет жеткізілді. Биыл 22,2 мың тонна ет жеткізу қарастырылған.

Жалпы, Ақмола облысында 2016 жылы  8,9 млрд теңгенің 10 жобасын іске асыру қарастырылған.

 

Барлық жаңалықтар