- Басты
- Жаңалықтар
- БАӘ Қазақстанның халықаралық аренадағы беделінің жоғары деңгейін атап өтті
БАӘ Қазақстанның халықаралық аренадағы беделінің жоғары деңгейін атап өтті
ҚР сыртқы істер министрлігінде хабарлағандай, әңгіме барысында Елші әңгімелесушісіне «ЭКСПО-2017» көрмесіне дайындықтың соңғы оқиғаларын таныстырды.
Көбінесе, К. Лама Шариф маусым айында көрмеге билеттің онлайн-сатылымы басталғандығын және оны барлығы қолдана алатындығын айтып өтті. Сонымен қатар, ол әңгімелесушіні және Dubai World EXPO-2020» Жоғары комитет өкілдерін Астана қаласында ағымдағы жылы 14-15 қыркүйек айында өтетін «Болашақтың энергеясы» атты Халықаралық форумға қатысуға шақырды. Форумды «Астана ЭКСПО-2017» және «Назарбаев Университет» ұйымдастырды.
Өз кезегінде Салем аль-Амери шақырғанға алғысын білдірді және Әмірлік «ЭКСПО-2017» көрмесіне мүдделі екендігін айтты. Бұл мәнмәтінде «Dubai World EXPO-2020» Жоғары комитет пен «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ арасындағы ынтымақтастықты айтып өткен жөн. Аталмыш ұйымдардың төрағалары арасында жиі кездесулер өтіп тұрады, БАӘ «ЭКСПО-2017» халықаралық қатысушылардың бірінші және екінші жиналысына қатысты.
Сонымен қатар, екі мемлекет арасындағы альтернативті энергетика саласындағы ынтымақтастықтың дамуы айтылып өтті. Салем аль-Амери қазіргі күні «Болашақтың энергиясы» 10-шы Саммиттің мерейтойын 2017 жылдың қаңтар айында Әбу-Даби қаласында өткізуге дайындалып жатқандығын айтты. Осыған орай, Қазақстан «ЭКСПО-2017» тақырыбын ескере отырып, саммитке белсенді қатысатындығына сенім білдірді.
Кездесу барысында Халықаралық агенттікпен «IRENA» жаңартылатын энергия бойынша ынтымақтастық мәселесі талқыланды.
Сонымен қатар, тараптар «ЭКСПО-2017» көрмесінде БАӘ Ұлттық күнін ұйымдастыру бойынша жұмысты үйлестіру қажеттілігін айтып өтті және ол көрменің атаулы оқиғасының бірі болмақ.
Кездесу қорытындысында Салем аль-Амери тағы да Қазақстанның халықаралық аренадағы беделінің жоғары деңгейін атап өтті.
-
Қосшы қаласында «Алтын домбыра» айтысы өтті -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
Эпидемиолог:Ревакцинацияға азаматтардың қызығушылығы жоғары -
30 жыл: Жаһандық бастамалардың халықаралық қауіпсіздікке қосқан үлесі -
Заңгер-студенттер халықаралық байқауда сот отырысын жеңді -
«Қазақстанның киберқалқаны»: ақпараттық қауіпсіздіктің маңызы -
«Мұқағали» фильмінің халықаралық премьерасы Таллинде өтеді -
Елордада құтқарушылар күні атап өтілді -
Шетелдік сарапшы: “Елбасы мен ел президентінің съезді өткізудегі еңбегін жоғары бағалаймын” -
"Рухани жаңғыру": Елордада қазақ тіліне аударылған 100 оқулықтың таныстырылымы өтті -
Жолдау-2021: Ластану деңгейі жоғары 10 қаладағы атмосфералық ауаны жақсарту шаралары -
Қазақстанның геология саласын дамыту шаралары -
Жамбыл облысы: Аурудың жоғары деңгейі облыстың барлық қаласы мен ауданында байқалуда -
Қазақстанда қандай мамандықтарға сұраныс жоғары -
Дін істері комитетінің төрағасы діни бостандықтың халықаралық саммитіне қатысты