- Басты
- Жаңалықтар
- Бақытжан Сағынтаев Еуразиялық экономикалық комиссия кеңесінің отырысына қатысты
Бақытжан Сағынтаев Еуразиялық экономикалық комиссия кеңесінің отырысына қатысты
Кеңес мүшелері Еуразиялық Үкімет аралық кеңестің 12-тамызда Сочиде өтетін отырысының күнтәртібін, сондай-ақ Еуразиялық экономикалық одақтың әрі қарайғы дамуына қатысты бірқатар мәселелерді қарады.
Отырыс барысында ЕЭО Кедендік кодексі туралы Келісімшарт жобасын дайындау барысы туралы ақпарат тыңдалды. Қатысушылар оны жылдамырақ қабылдау қажеттігі жөнінде ортақ тоқтамға келді.
Одаққа мүше мемлекеттерде тауарларды бақылау жүйесін құру мәселесіне баса назар аударылды. Бұл жүйе кейін барлық тауарларды ЕЭО аумағына кіргізілген сәттен бастап тұтынушыға жеткізілгенге дейін бақылауға мүмкіндік береді.
Отырыс қорытындысы бойынша тауарларды бақылауды қамтамасыз ету механизмін құрудың негізгі тәсілдері анықталды.
Отырыста дайын өнімнің өзіндік құнын төмендету және азаматтық тікұшақтардың, авиациялық қозғалтқыштардың, кеме жасауға арналған қондырғылардың жекелеген түрлерінің өндірісін әрі қарайғы дамытуды қамтамасыз ететін шарттарды қалыптастыру мақсатында аталған тауарлар бойынша кедендік әкелім баждарының мөлшерлемесін төмендету мәселелері қарастырылды.
Бұдан бөлек кеңес отырысында техникалық реттеу мәселесі қаралды. Атап айтқанда «Жанармай ретінде пайдалану үшін сұйылтылған көмірсутекті газдарға қойылатын талаптар» регламенті қабылданды. Бұл энергетикалық тиімділікті қамтамасыз етіп, сұйылтылған газды тұтынушылар пайдаланған кезде ресурсты үнемдеуге мүмкіндік береді.
-
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
Тұрақты экономикалық даму үшін қандай ұлттық жобалар жүзеге асады -
Бақытжан Мәуленбердиев: Құтқарушы ең алдымен ержүрек әрі батыр болу керек -
ЕАЭО отырысы: экономикалық ынтымақтастық, трансшекаралық логиcтиканы дамыту және азық-түлік қауіпсіздігі -
Еліміздің қай өңірлерінде сапалы ауыз суға қатысты проблема бар -
«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 451 мыңнан астам адам қатысты -
Аманжол Әлтай Жолдауда көтерілген мәселелерге қатысты пікірін білдірді -
Сарапшы: Жолдауда жастарға қатысты айтылған үш мәселені атады -
Биыл «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 397 мыңнан астам адам қатысты -
Тоқаев: Мақсатымыз - Орталық Азияны тұрақты, экономикалық жағынан дамыған өңірге айналдыру -
Сайлау-2021: Бақылау комиссиясы қорытынды жасады -
Дін істері комитетінің төрағасы діни бостандықтың халықаралық саммитіне қатысты -
Сайлау-2021: Кандидаттарды ұсыну тәртібі, кезеңдері және комиссия өкілеттерін нақтылау мәселелері -
Қасым-Жомарт Тоқаев «Алтын жүрек» ескерткішінің ашылу рәсіміне қатысты