• Басты
  • Жаңалықтар
  • Н. Назарбаев болашақтықтарды аймақтарды басқару қызметіне жіберуге ниет етті

Н. Назарбаев болашақтықтарды аймақтарды басқару қызметіне жіберуге ниет етті

29 Қараша, 2013 14:55
Әрбір қала мен аудан әкімінің орынбасары қызметіне «Болашақ» бағдарламасының түлегі жолданатын болады. Бүгін «Болашақ» халықаралық степендиясының 20 жылдығына арналған форум барысында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев осылай мәлімдеді.

«Мен әрдайым Қазақстанға оралған «болашақтықтардың» әрқайсысының жұмысқа орналасуын қадағалап отырамын. Қызметтік орындарға отырып алғандар сіздерге бірден беріліп, өз орындарын ұсына қоймайды. Ол үшін тырмысып, өзіңді көрсете білу керек. Біз қазір мемлекеттік қызметке конкурс бойынша мамандарды қабылдаймыз. Ол компьютерлік тест арқылы жүргізіледі», - деді Елбасы.

« Сіздердің алдарыңызда үлкен мүмкіндік ашылып отыр. Әрбір облысқа мен бір «болашақтықтан» облыс әкімі орынбасары ретінде жолдадым. Олар бүгінде жақсы жұмыс істеп жатыр. Әрбір аудан мен қалаларда да осындай іс жүргізілмек. Одан сескенудің қажеті жоқ. Басқара білуді үйрену керек. Кішкентай ұжымнан бастап біртіндеп өсе бере түсу керек. Болашақта Қазақстанды Сіздер басқармасаңыздар, кім басқаратын болады?», - деді Мемлекет басшысы. 

Барлық жаңалықтар