- Басты
- Жаңалықтар
- Ақтау теңіз портының өткізу қуаттылығы 19 млн тоннаға жетеді
Ақтау теңіз портының өткізу қуаттылығы 19 млн тоннаға жетеді
Порттың қазіргі жағдайы, проблемалары мен даму перспективалары туралы кеңесте Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы Д.Ерғожин, «ҚТЖ» ҰК президенті А.Мәмин, «Ақтау» теңіз портының президенті М.Ялбачев сөз сөйледі.
Сонымен қатар кеңесте инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек, «Баку халықаралық теңіз сауда порты» ЖАҚ бас директоры Талех Зиядов, Маңғыстау облысының әкімі Алик Айдарбаев сөз сөйледі.
Кеңес барысында 2016 жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындылары бойынша теңіз портынан өткен жүк көлемі 2 млн 681 мың тоннаны құрағаны атап өтілді. Өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда металл мен астықты ауыстырып тиеу сәйкесінше 41 және 177 мың тоннаны құрады. Ауыр жүк таситын машиналардың тасымалдау көлемі 14 есеге артты.
«Теңіз порты» өткізу бекетіндегі мемлекеттік қызметтердің жұмыс үрдістерін оңтайландыру, құжаттарды рәсімдеуін жеңілдету және жылдамдату, бірыңғай мемлекеттік бақылау жүргізу мақсатында «Бір терезе» құрылды. Сол арқылы барлық органдар бір жерге орналастырылып, бақылаушы мемлекеттік органдар тәуліктік режімде жұмыс істейтін болды.
«Бір терезе» қағидаты бойынша кедендік рәсімдеуді енгізу арқылы құжаттарды өңдеу уақыты 10 сағаттан 2,5 сағатқа дейін қысқарды, осылайша, биылғы жылдың басында туындаған кезекке тұру мәселесі шешілді.
«ҚТЖ» ҰК» АҚ президенті Асқар Мәминнің хабарлауынша, Каспий аймағының елдері 2020 жылдарға қарай порттар қуаттылығын 103 млн тоннадан 150,6 млн тоннаға дейін, яғни 1,5 есе арттыруды жоспарлап отыр. Бұл кезде Ақтау теңіз портының Каспий маңы елдерінің жүк айналымындағы үлесі 26%-дан 34% дейін артады.
Сонымен қатар баяндамашылар бірқатар мәселелерді көтерді, оның ішінде негізгісі – қолданыстағы тарифтердің тиімсіздігі болды.
Отырыс қорытындысы бойынша Премьер-Министр инвестициялар және даму министрі Ж.Қасымбектің басшылығымен жұмыс тобын құрып, талқыланған мәселелер бойынша ұсыныстарды қорытындылап, Үкімет қарауына енгізу туралы тапсырма берді.
«Ақтау – бұл Жібек жолы экономикалық белдеуінің түйінді торабы», - деп нақтылады кеңесті түйіндеген Премьер –Министр.
-
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым -
COVID-19: Оңтүстік Кореяда коронавирус күшейді, Францияда балалар арасында вирус жұқтырғандар саны артуда -
Коронавирусқа қарсы вакцина алғандар саны 8 млн-нан асты -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
«Жасыл Қазақстан»: Ауа сапасын жақсарту, биоалуантүрлілікті сақтау және экомәдениетті қалыптастыру -
Елордада «COVID-19» хореографиялық қойылымы ұсынылды -
А.Цой: «Салауатты ұлт» жобасы денсаулық сақтау жүйесін реформалауға мүмкіндік береді -
Тоқаев: ТМД-да COVID-19 вакциналау паспорттарын өзара мойындауды жеделдетуді ұсынамын -
СOVID-19: Елорда «қызыл» аймақта тұр -
Шетелдік сарапшы: “Елбасы мен ел президентінің съезді өткізудегі еңбегін жоғары бағалаймын” -
COVID-19: Қазақстанда 8 млн-ға жуық азамат вакцина салдырды -
COVID-19: Әлемнің қай елдерінде балаларға вакцина салуға рұқсат етілді -
COVID-19: Сингапурде антиковидтік шаралар күшейтілді, ал Ұлыбританияда коронавирустық жағдайлар 15%-ға артқан -
Тоқаев COVID-19-дан кейінгі қалыпқа келу, климат дағдарысы және Ауғанстандағы гуманитарлық жағдай туралы -
COVID-19: Әлемде халықты вакциналау қалай жүріп жатыр