- Басты
- Жаңалықтар
- ОҚО-да «Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша мыңнан астам пәтер құрылысы жүргізіледі
ОҚО-да «Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша мыңнан астам пәтер құрылысы жүргізіледі
Бұл жөнінде облыс әкімдігі мен «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс банкі» арасындағы өзара әріптестік жөніндегі меморандум барысында атап көрсетілді. Маңызды құжатқа облыс әкімі Б. Атамқұлов және «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс банкі» АҚ басқармасының төрағасы А. Жұмағұлов қол қойды.
Айта кетейік, өңірдегі тұрғын үй құрылысын жүргізуге Ұлттық банк қазынасынан 4,4 миллиард теңге қаржы бөлінген. Бұл қаражатқа 558 пәтерлі 11 тұрғын үйдің құрылысын салу көзделген. Бұдан бөлек, «Бәйтерек Девелопмент» компаниясы 432 пәтерлі 6 көпқабатты тұрғын үй құрылысын қолға алмақ.
Екіжақты іскерлік кездесу барысында «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс банкі» АҚ өкілдері Shymkent-city құрылысының жобасына қызығушылық танытты. Бүгінде қаланың солтүстік аумағындағы келешектегі іскерлік және тұрғын үй орталығында инженерлік-коммуникациялық жүйелер жүргізілуде. «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс банкі» АҚ басқармасы төрағасының айтуынша, мұндағы жасалған оңтайлы жағдайлар «Өз үйім» бағдарламасы аясында тұрғын үй құрылысын жүргізуге қолайлы мүмкіндік береді. Бұл бағытта Шымкент қаласы әкімдігімен және қаржы институттарымен меморандумға қол қойылған.
Өз кезегінде, облыс әкімі Б. Атамқұлов басқарма басшылығына жобаға көрсеткен лайықты қолдауы үшін шынайы алғыс сезімін жеткізді. Сондай-ақ, келешекте Shymkent-city – ыңғайлы тұрмыс пен сәулет өнерінің озық үлгілерін паш еткен орталық ретінде қалыптасатынын, онда тұрғындар өздерін қауіпсіз әрі бақытты сезіне алатынына кәміл сенімді екенін айтты.
-
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
ITEC: Оқу бағдарламасының мүмкіндіктері мен ерекшеліктері -
30 жыл: Жаһандық бастамалардың халықаралық қауіпсіздікке қосқан үлесі -
«Денсаулық» бағдарламасы: медициналық білім беруді жаңғырту мәселелері -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 2 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
Мүгедектігі бар адамдар Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы 300 мыңнан астам қызмет алды -
Орта Азия елдеріндегі көміртегі бейтараптығына қол жеткізу бойынша бірлескен іс-шаралар -
82 мыңнан астам адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 451 мыңнан астам адам қатысты -
COVID: Қытайда «дельта» штамын жұқтырғандар саны артты, Үндістанда күніне 200-ден астам адам көз жұмуда -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 1,7 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
«Нұрлы жол» бағдарламасының жүзеге асуы