Марат Нұрғожин «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ басқарады

9 Тамыз, 2016 18:57
«Қазақстан Ғарыш Сапары» Ұлттық компаниясы» АҚ Директорлар одағының шешімімен компания Президенті болып Марат Нұрғожин сайланды, деп Қазғарыш хабарлайды.

Ақпарат бойынша, М.Нұрғожин 59 жаста, ол Н.Э. Бауман атындағы Мәскеу жоғары техникалық училищенің түлегі, профессор, ҚР Ұлттық инженерлік академиясының академигі.

2008 жылдан бастап «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ бірінші вице-президенті болып жұмыс істеді, ал 2013 жылдың тамыз айынан бастап «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ президентінің м.а. болып жұмыс істеді.

М.Нұрғожин белсенді ғалым болып келеді, 200-ден астам ғылыми және ғылыми-әдістемелік жұмыстардың, 7 монографияның, 2 кітаптың, 1 патент және 6 авторлық айғақтың  авторы болып табылады. 30 жылдан астам уақыт жобалық шешімдердің автоматтандырылған талдау моделдері мен әдістерін құру мәселесімен айналысады.

М.Нұрғожин «Ғарыштық жүйелер мен қызмет» МТК-535 стандартизациялау бойынша ТМД елдерінде Мемлекет аралық техникалық комитетті басқарады; «Ғарыштық қызмет» ТК-66 стандартизация бойынша ҚР Ұлттық техникалық комитетінің төрағасы; ғарыштық қызмет саласында 80 ұлттық стандарттарды әзірлеудің басшысы; дәнекерлеу және онымен байланысты технологиялар мәселелері бойынша ТМД елдерінде Халықаралық академия Президиумының мүшесі.

«Құрмет», «THE NAME IN SCIENCE AWARD» Халықаралық  сыйларымен марапатталған. Айта кететін жайт, М.Нұрғожиннің есімі XXI ғасырдың көрнекті ғалымдары Халықаралық тізілімінде жазылған.

Барлық жаңалықтар