- Басты
- Жаңалықтар
- Ш.Қирабаева: «Зиялылардың жылыстауы» Қазақстанда ғана кездеспейді
Ш.Қирабаева: «Зиялылардың жылыстауы» Қазақстанда ғана кездеспейді
«Бұл кез келген түлектің консультативтік құқығы – өзінің жүрегі қалаған жерде оқи алады. Кез келген қабілетті бала үздік ЖОО-да оқығысы келеді. Ол өзінің дәрежесін біледі және соған сәйкес білім алуға құқылы», - деді Ш.Қирабаева.
Орталықтың жетістіктері жайлы баяндай отырып, Ш.Қирабаева 1998 жылдан бастап еліміздің зияткерлік құрама командасының Халықаралық олимпиадаларда жаратылыстану-математика пәндері бағытында табысты нәтижелерге қол жеткізіп келе жатқаны туралы мәлімдеді.
«Дарын» орталығының алдағы 2016-2017 оқу жылына арналған жоспарлары арасында математика, физика, информатика пәндері бойынша халықаралық Жәутіков олимпиадасы өткізу (2017 жылдың қаңтар айында) көзделген. Оған шамамен 15 мемлекеттен 50-ге жуық команда келеді деп күтілуде.
Сонымен қатар, алыс-жақын шет елдерде тұратын қазақ балаларына арналған «Қазақстан – ата жұртым, қасиетім – ана тілім» атты қазақ тілі мен әдебиеті бойынша халықаралық олимпиада өткізу. Алдағы оқу жылында өткізілетін тағы бір шара – балаларға арналған «Астана-Мерей» халықаралық әншілер конкурсы. Байқоңыр қаласында «Ғылым әлемін ашамыз» атты ғарышты зерттеу мәселелері бойынша ғылыми жобалар конкурсын өткізілмек.
Индира Кауметова
-
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
«Болашақ бүгіннің өзінде»: Қазақстанда Нобель фестивалі өтеді -
Қазақстанда цифрлық трансформация көшбасшыларын даярлау жоспарлануда -
Қазақстанда дизель отынының бағасы неге күрт өсті -
Қазақстанда мүгедектігі бар адамдар қандай әлеуметтік көмек алады -
COVID-19: Қазақстанда 8 млн-ға жуық азамат вакцина салдырды -
Қазақстанда дизель отынының бағасы қанша -
Қазақстанда халықты емханаға тіркеу науқаны қашан басталады -
Қазақстанда журналистерге арналған бірегей сөздік таныстырылды -
Қазақстанда жалпыұлттық халық санағы басталды -
ДСМ: Қазақстанда эпиджағдайдың біртіндеп тұрақтануы байқалады