- Басты
- Жаңалықтар
- ҚР-да 3 жыл ішінде халықаралық және республикалық олипиадалардың 1 мың жеңімпазы ҰБТ-дан босатылды
ҚР-да 3 жыл ішінде халықаралық және республикалық олипиадалардың 1 мың жеңімпазы ҰБТ-дан босатылды
«Тек 2015 жылдың өзінде қазақстандық оқушылар әр түрлі халықаралық олимпиадалардың 1309 медалін иеленді (оның 276 алтын, 384 күміс, 629 қола медальдар). Өскелең ұрпақтың интеллектуальдық дамуына Қазақстанның қосып отырған үлесін әлемдік ғылыми қауымдастық өте жоғары бағалап отыр», - деді ол.
ҚР БҒМ мәліметінше, қазіргі таңда «Дарын» желісіне 124 мамандандырылған білім беру ұйымы кіреді. «Дарын» желісінде тегін түрде ақысыз 61 167 бала білім алып, олардың 40% ауылдық елді мекендерден келген. Мамандандырылған білім беру ұйымдарында еңбек ететін 7 741 ұстаздың жартысынан астамы – жоғары санатты мұғалімдер.
«2015-2016 оқу жылының қорытындысы бойынша 5 433 мектеп бітіруші түлектер қорытынды аттестацияда (ҰБТ) жақсы көрсеткіштерге қол жеткізді. Мектеп бітіруші түлектердің 484-і – «Алтын белгі» иегерлері.
ҰБТ-2016 қорытындысы «Дарын» желісіндегі мамандандырылған білім беру ұйымдарының оқу бағдарламаларының қаншалықты тиімді екенін тағы да дәлелдеп берді. ҰБТ қорытындысы бойынша 125 балл жинаған 19 түлектің алтауы «Дарын» мектептерінің түлектері», - деді Ш.Қирабаева.
Жыл сайын ҰБТ қорытындысы бойынша «Дарын» желісі мектептерінің 61% республикамыздың үздік 100 білім беру ұйымдарының тізіміне еніп келеді. Тест тапсырмаларының қорытындылары бойынша орташа ұпайы – 102,3 ұпайды құрап отыр.
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
95 мыңға жуық адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Astana Hub: IT-стартаптарды дамыту, оқыту және қаржыландыру -
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
ЖОО-ларды қаржыландыру, академиялық адалдық саясаты және оқытушылар жалақысы -
Елордада электр энергиясын беру және бөлу тарифі төмендетілді -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады