Қазақстандағы киіктердің саны 108 мыңнан асып жығылды

9 Тамыз, 2016 17:38
Қазақстандағы киіктердің саны 108 мыңнан асып жығылды, деп хабарлады АШМ баспасөз қызметі.

Киіктерді сақтау жолында ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті нақты іс-әрекеттермен қатар халықаралық ынтымақтастық жолында жұмыс жасауда.

Мысалы, Ресей Федерациясымен және Өзбекстан Республикасымен, Түркіменстанмен киіктерді сақтау жөніндегі келісімге қол қойылған. Киіктерді сақтау жөніндегі халықаралық келісім көршілес республикалардың территорияларын қамтитын киіктердің таралым аймағына негізделіп жасалған.

Айта кетейік, ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Қазақстанның биоəртүрлілікті сақтау ассоциациясы және «Қазавиақұтқару» АҚ-мен бірлесіп, Бетпақдала, Орал және Үстірт популяциясының киіктеріне жасалған әуе санақтың нәтижесі бойынша, 2016 жылы киіктердің жалпы саны 108300  дарақты, атап айтқанда, Бетпақдала таралымдарының саны 36200 дарақты, Орал таралымы 70200 дарақты және Үстірт таралымы 1900 дарақты құрайтыны анықталды.  

Бүгінде браконьерлікпен қарсы күресті күшейту үшін  «Охотзоопром» ӨБ» базасында заманауи көлікпен қамтамасыз етілген, тәжірибелі инспекторлардан құрылған 4 арнайы мобильдік топ жұмыс істейді.


 

Барлық жаңалықтар