• Басты
  • Жаңалықтар
  • СҚО-да жыл соңына дейін 13 жергілікті елді-мекенде су құбырлары жаңғыртылады

СҚО-да жыл соңына дейін 13 жергілікті елді-мекенде су құбырлары жаңғыртылады

9 Тамыз, 2016 15:09
Солтүстiк Қазақстан облысының әкiмi Ерiк Сұлтанов өңiр құрылысшыларына қарқынды арттырып, жұмысшылар санын көбейтудi, салынып жатқан нысандардың сапасын назарда ұстауды тапсырды, деп хабарлады облыс әкімдігі.

Жұмыс сапары кезiнде өңiр басшысы ең алдымен Қызылжар ауданының Подгорное селосындағы сорғы стансасы мен су құбырының таратушы желiсiнiң жұмысымен танысты.

Жалпы құны 109 миллион теңгенi құрайтын сукернеуiш құрылысы өткен жылдың желтоқсан айында аяқталған. Бұған қаражат «Ақ бұлақ» бағдарламасы шеңберiнде республикалық және облыстық бюджеттен бөлiнген.

«Қызылжар ауданының архитектура, құрылыс, тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлiгi және автомобиль жолдары бөлiмi» ММ басшысының мiндетiн атқарушы Бақыт Iлиясовтың айтуы бойынша, елдi-мекен iшiндегi тарату желiлерi тұрғындардың учаскесiнiң шетiне дейiн өткiзiлген. Бүгiнде құжаттарды рәсiмдеу жұмыстары толық аяқталған. Сумен қамту желiлерiне «Жiгер» КММ ШЖҚ қызмет көрсетедi.

Селода ауыз су мәселесi толық шешiлдi деп айтуға негiз бар. 450 тұрғыны бар 123 ауланың барлығы сумен қамтылды.

Облыс әкiмi Ерiк Сұлтанов станса жұмысымен танысып, Подгорное селосының тұрғындарымен кездестi. Ерiк Хамзаұлының айтуы бойынша, елдi-мекендерде тұрғындарға ыңғайлы жағдай жасау үшiн өңiрде көптеген жұмыс атқарылуда.

«Жұмыспен қамту жол картасы» шеңберiнде Қызылжар ауданына жол жөндеуге 3 миллион теңге бөлiнген. Сондықтан ауыл көшелерiнiң сапасы жақсатаратын болады» — дедi өңiр басшысы.

Айта кету керек, соңғы екi жылда осыған ұқсас жоба «Ақ бұлақ» мемлекеттiк бағдарламасы шеңберiнде Қызылжар ауданының 9 елдi-мекенiнде жүзеге асқан. Су құбырларын қайта құру жұмыстары тағы 13 ауылды жерде жүргiзiлуде. Негiзгi жұмыстар жылдың соңына дейiн аяқталмақ.

Қызылжар ауданындағы тағы бiр нысанның — Бәйтерек ауылындағы 300 орынды мектептiң құрылысы үлкен қарқында жүргiзiлуде. Бүгiнгi таңда мұнда iшкi және сыртқы әрлеу, сондай-ақ ауланы абаттандыру жұмыстары жүргiзiлуде.

Сонымен қатар Ерiк Сұлтанов Петропавл қаласының қайта салынып жатқан әуежайына да барды. Қазiр мұнда 50-ге тарта адам жұмыс iстейдi. Бүгiнгi таңда iшкi және сыртқы жабындыларды құрастыру жұмыстары аяқталып, шатыр орнатыла бастады. Облыс әкiмi мердiгер ұйымға жұмысты кезең-кезеңмен атқаруды тапсырды. Ең алдымен, жұмысқа жауын-шашын кедергi келтiрмеу үшiн шатырды орнату керектiгiн айтты.

Сондай-ақ, Ерiк Хамзаұлы Береке шағын ауданындағы құрылыс алаңдарында болды. Облыс әкiмi құрылысшылардың жұмысын сынға алып, барлық жұмыстарды белгiленген уақытта аяқтауды, сапаны да естен шығармауды тапсырды.

Ерiк Сұлтанов Юбилейный шағын ауданындағы құрылыс барысымен де танысты. Қизатов 9в мекенжайы бойынша аяқталмаған үйдi қайта салу жұмыстары жүргiзiлуде. Облыс әкiмi оны да уақытында тапсыру керектiгiн айтып өттi. Бұл ескертпелер Қизатов және Семашко көшелерiнiң қиылысындағы екi көпқабатты үйге де қатысты. Олардың бiрi 72 пәтерлi болса, екiншiсiнде 126 пәтер. Екеуi де Қазақстанның ипотекалық компаниясы  бойынша тұрғызылуда. Мердiгерлер 20 тамыз күнi аяқтаймыз деп сендiрiп отыр. Ал, осы үйлердiң iргесiнде тағы 126 және 72 пәтерлi қос үйдiң құрылысы басталып кеткен. Оның құрылысын «Основание» фирмасы жүргiзуде.

Жұмыс сапарының соңында облыс әкiмi «Сев Каз Энерго» АҚ-ның болашақ жатақханасында болды. Компанияның бас директоры Леонид Ларичевтiң айтуы бойынша мұнда бөлмелер емес, толыққанды бiр және екi бөлмелi пәтерлер болады. Нысанды пайдалануға осы жылдың желтоқсан айында беру жоспарланған. Бұл пәтерлердi алуға компанияның жұмысшылары мен аз қамтылған отбасылардың мүмкiндiктерi бар.

 

 

 

 

 

 

Барлық жаңалықтар