• Басты
  • Жаңалықтар
  • Шанхайда «Қорғас – Шығыс қақпасы» АЭА жобасын дамыту мәселелері талқыланды

Шанхайда «Қорғас – Шығыс қақпасы» АЭА жобасын дамыту мәселелері талқыланды

9 Тамыз, 2016 14:31
«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ делегациясының Компания жетекшісі Асқар Маминнің төрағалығымен жұмыс сапарымен Шанхай қаласында болып қайтты.

Ұлттық компанияның хабарлауынша, жұмыс сапары аясында ірі көліктік-логистикалық және индустриалдық компанияның басшыларымен кездесу өткізілді. Кездесу барысында ынтымақтастықты нығайту мәселесі және «Жібек жолының экономикалық белдігі» жобасын, трансқұрлықтық тасымалдауды дамыту, «Қорғас – Шығыс қақпасы»  АЭА даму жоспары талқыланды.

Көбінесе, «China COSCO Shipping Corporation Limited» басқарма компаниясының төрағасы Сю Лижунмен кездесу өтті. Аталмыш ірі мультимодалды компания көліктік-логистикалық салада әлемдік көшбасшы болып табылады.

Тараптар «Қорғас – Шығыс қақпасы»  АЭА аумағында құрғақ портты дамыту бойынша жобаларды жүзеге асыруға қатысу мәселелерін талқылады.

ҚТЖ басшысы CITIC  Co., Ltd компания президенті Ван Цзюнмен кездесті. Олар жол секторында инвестициялық жобаларды іске асыру мәселелерін талқылады.

Жұмыс сапары барысында «ҚТЖ» ҰК» АҚ президенті Асқар Мамин DHL Global Forwarding China Co компаниясының бас директоры Стив Хуангомен кездесті.

Кездесу барысында Қытай-Еуропа-Қытай бағыттары бойынша тасымалдау көлімін ұлғайту мәселесі және Қазақстан аумағы арқылы өтетін дәліз бойынша оңтайлы логистиканы қалыптастыру, сонымен қатар, «Қорғас – Шығыс қақпасы»  АЭА дамуына қатысу мәселелері талқыланды. 

Барлық жаңалықтар