«Денсаулық» пойызы бір апта ішінде 11 мың адамды қабылдады – ТЖК

9 Тамыз, 2016 12:38
Көлік медицинасын дамыту аясында 2010 жылдан бері «Саламатты Қазақстан», «Денсаулық» және «Жәрдем» атты үш консультациялық-диагностикалық пойыздары жұмысын жүргізуде, деп хабарлады ТЖК.

Медициналық пойыздар барлық қажетті медициналық диагностикалық аппаратурамен жабдықталған, ҚР ІІМ ТЖ комитеті «Апаттар медицинасы теміржол госпитальдары» АҚ жоғары білікті медициналық персоналымен қамтылды. «Медициналық пойыздарды құру» бірлескен жобасын іске асыру еліміздің шалғай өңірлерінің тұрғындарына қол жетімді медициналық қызмет көрсетуді қамтамасыз етті. Пойыздар заманауи медициналық жабдықтармен, оның ішінде байланыстың спутниктік арнасы телемедициналық орталықтарымен жарақталған, интернет желісіне қол жетімді. Медициналық пойыздардың қызметі халықтың сұранысына ие, бұл жоба өзектілігінің және жоғары әлеуметтік маңыздылығының куәсі болып табылады.

«Жәрдем» медициналық пойызы ағымдағы жылы жұмысын 1 тамызда, ал «Саламатты Қазақстан» пойызы – 10 шілдеде аяқтады.

2016 жылғы 1-8 тамыз аралығындағы 7 жұмыс күні ішінде «Денсаулық» консультациялық-диагностикалық пойызында Оңтүстік Қазақстан облысының 3 станциясы мен Жамбыл облысының тұрғындары қаралды, 782 тұрғын, оның ішінде 156 бала тексеруден өтті. Дәрігерге келісушілер саны 11592-ні құрады. 9570 диагностикалық емшара жүргізілді, 84 шағын амбулаториялық ота жасалды. 296 әйел маммологқа қаралды. 163 тұрғынға стоматологиялық көмек көрсетілді.

Қазіргі уақытта «Денсаулық» консультациялық-диагностикалық пойызы  жұмысын Жамбыл облысында жалғастыруда.

13 тамызға дейін қоса алғанда «Денсаулық» пойызы Жамбыл облысының мына:Сүрім станциясы - 9 тамыз;Күркіреу су станциясы -  10 тамыз;Ақтаутас станциясы – 11 тамыз;

Тамды станциясы – 12-13 тамыз  аралығында халыққа қызмет көрсетеді.

2016 жылғы 127 жұмыс күні ішінде «Саламатты Қазақстан», «Жәрдем» және «Денсаулық» консультациялық-диагностикалық пойыздарында республикадағы Қарағанды, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Павлодар, Батыс Қазақстан, Атырау, Маңғыстау, Шығыс Қазақстан, Алматы, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан және Жамбыл облыстары 148 станциясының тұрғындары қаралды, 34418 тұрғын, оның ішінде 5204 бала тексеруден өтті. Дәрігерге келісушілер саны 265022-ні құрады. 177388 диагностикалық емшара жүргізілді, 1000 шағын амбулаториялық ота жасалды. 5231 әйел маммологқа қаралды. 9960 тұрғынға стоматологиялық көмек көрсетілді.

 

 

Барлық жаңалықтар