- Басты
- Жаңалықтар
- СҚО-да 1 мың нысан заңдастырылды
СҚО-да 1 мың нысан заңдастырылды
Мұндай ақпарат облыстық әкiмдiкте өңiр басшысы Ерiк Сұлтановтың басшылығымен өткен аппараттық кеңесте айтылды.
Мемлекеттiк мүлiктi жекешелендiру мен заңдастырудың ағымдағы жағдайы туралы қаржы басқармасының басшысының мiндетiн атқарушы Наталья Дышкант баяндады.
«674 өтiнiш бойынша 3 831 829 мың теңгенiң 1141 нысаны заңдастырылған. Бүгiнде 30 өтiнiш бойынша 117 099 мың теңгенiң 67 нысанын заңдастыру бойынша жұмыс атқарылуда», — деп хабарлады Наталья Геннадьевна.
Бүгiнгi таңда облыс аудандарында 12 миллион теңгенiң 2 нысаны жекешелендiрiлдi. Екiншi сауда бойынша Шал ақын ауданындағы «Жәрдем» КМК-не 3,3 миллион теңгеге және үшiншi саудадан Ғ. Мүсiрепов атындағы аудандағы «Еңбек» КМК-не 8,7 миллион теңгеге сатылды.
2016 жылы «ҰК «ӘКК «Солтүстiк» АҚ активтерi мен облыстың коммуналдық меншiгiнiң ұйымдастыру кестесiне сай өңiрдiң 15 ауданның тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы кәсiпорындары мен 2 КМК-ын ЖШС-не айналдыру мен әрi қарай сатылымға түсетiн («Мөлдiр су» КМК, «Жiгер» КМК) үлестерi жекешелендiрiледi.
Өңiр басшысы Ерiк Сұлтанов заңдастыру жұмыстарын жай-күйiн назарда ұстауды, сонымен қатар, жекшелендiрудi қысқа мерзiмде өткiзудi тапсырды.
«Аудан әкiмдерi жекешелендiрiлетiн әрбiр нысан үшiн жеке жауап бередi», — дедi Ерiк Хамзаұлы.
-
95 мыңға жуық адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
Мүгедектігі бар адамдар Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы 300 мыңнан астам қызмет алды -
82 мыңнан астам адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
COVID-19: Бразилияда тәулігіне 10 мың-ға жуық адам вирус жұқтырған, Украина жаңа карантин ережелерін енгізді -
«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 451 мыңнан астам адам қатысты -
2021 жылдың басынан бері 12,5 мың этникалық қазақ қандас мәртебесін алды -
І жартыжылдықта әлеуметтік төлемдер бойынша 390 мыңға жуық қызмет көрсетілді -
Тамыз айында 854 мыңнан астам адамға АӘК берілді -
Жол картасы аясында 5,5 мыңға жуық жұмыс орны ашылды -
Биыл «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 397 мыңнан астам адам қатысты -
15,7 мыңнан астам шетелдік азамат Қазақстанда еңбек етіп жүр -
Еңбек инспекторлары 13,2 мыңнан астам жұмыскердің құқығын қорғады -
Тоқаев: Өңірлердегі денсаулық сақтау нысандарының жай-күйі көңіл көншітпейді -
Жыл басынан бері 816 мыңнан астам адам АӘК алды