- Басты
- Жаңалықтар
- Алакөл көлінде демалуға ең қолайлы жағдай жасалады
Алакөл көлінде демалуға ең қолайлы жағдай жасалады
Алакөл көлі облыстағы ең танымал тынығу орындарының бірі болғандықтан онда демалушыларға қажетті жағдайлар мен инфрақұрылым жүргізу басым бағыт болып отыр.
Мәселен, биылғы жылы жергілікті бюджет қаржысы есебінен 21 млн. теңгеге Ақши ауылынан демалыс аймағына дейінгі автокөлік жолы құрылысының жобалық-сметалық құжаттамасы әзірленіп, құрылыс жұмыстары басталды. Қазіргі кезде Алакөл көлінің жағалауындағы Ақши ауылы мен демалыс орнының аралығындағы жолды реконструкциялаудың құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізіліп жатыр. Автожолдың жалпы ұзындығы 23,78 шақырымды құрайды. Жобаның құны 3,036 млрд. теңге, жұмыстар 2017 жылы аяқталады деп жоспарлануда.
Сонымен қатар жыл сайын Алакөл көлінде тынығушылардың саны артуына байланысты биылғы жылы да «Жетіген-Достық-Жетіген» бағытындағы маусымдық темір жол қатынасына жергілікті бюджеттен 65,6 млн. теңге субсидия бөлінді.
Алакөл ауданының басшылығы көл жағалауының санитарлық тазалығын сақтау бағытында тұрақты жұмыстар жүргізіп келеді. Осы мақсатта Ырғайты ауылдық округінде «Үшарал-Көркейту» ЖШС-ның 10 адам, 6 арнайы техникасы бар филиалы құрылды. Алакөл жағалауында, Ақши және Көктұма ауылдарының аралығында арнайы контейнерлер орнатылған, демалыс аймағына автокөліктің кіруіне жол бермейтін қазба жолдар жасалған. Сондай-ақ жыл сайын Алакөл жағалауының санитарлық жағдайын жақсарту және сауықтыру мақсатында жергілікті тұрғындар арасында түрлі акциялар өткізіліп, бұл іске «Жасыл ел» жасақтарынан еріктілер тартылады.
-
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Әскердегі сарбаздар қандай мамандықтарды меңгереді -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері -
Оқушыларға арналған президенттік олимпиада: Жеңімпаздар қандай сыйлыққа ие болады -
ДСМ: Елдегі эпиджағдай, ревакцинация, Pfizer жеткізілімі және балаларды вакциналау -
ДСМ: Соңғы екі аптада елдегі сырқаттану деңгейі 11%-ға төмендеді -
Елордада карантин талаптары жеңілдетілді -
Көлеңкелі экономикамен күрес: Президент тапсырмалары қалай орындалып жатыр -
Заңгер-студенттер халықаралық байқауда сот отырысын жеңді -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
30 қазақстандық компания «Жасыл кеңсе» конкурсының жеңімпазы атанды -
Елімізде кедейлік деңгейі 9 есеге жуық төмендеді