- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстанда кең қолданысқа арналған полиэтилен шығарылады
Қазақстанда кең қолданысқа арналған полиэтилен шығарылады
Жоба полимерлік өнімнің келесі түрлерін өндіруді қарастырады: жылына 14 738 тонна биаксиалды бағытталған полипропилендік (ББПП) қабық, жылына 4 125 тонна полиэтилен қабығы және жылына 48 млн дана полипропилен қабы. Бұл ретте Қазақстанда алғаш рет өндірілген ББПП-қабығы өзге қаптаушы материалдарды ығыстырып тастайды. Қабық ауыл шаруашылығында, құрылыс саласында, азық-түлік өндірісінде, бөлшек саудада қолданылады. Жобаның құны – 90 млн АҚШ долларына жуық.
Компанияда хабарлағандай, халықтық қолданысқа арналған өндірістердің ауқымын кеңейтуде Атырау облысындағы біріктірілген газ-химия кешенінің құрылысы елеулі оқиға болмақ. Жоба Теңіз кен орнындағы газды қайта өңдеу арқылы негізгі өнімді шығаруға бағытталған. Құны - 5,1 млрд АҚШ доллары. Нәтижесінде Қазақстанда полиэтилен өндіріледі. Бұл әмбебап материалды құрылыс, медицина, машина құрастыру, қаптау өнеркәсібі, тұрмыстық тауарларды шығару сынды әр алуан салада кеңінен қолдануға болады.
Аталған өндірістердің ауқымдылығы мен капитал сыйымдылығын ескере отырып, несиелік қаражатты тарту көзделуде. Бұл орайда тиісті инфрақұрылымның қамтамасыз етілуі шетелдік инвесторлар мен несие берушілер тарапынан басты талап болып табылады.
«ҰИМП» АЭА өндірістік инфрақұрылымын қалыптастыру мақсатында келесі нысандарды салу жоспарланған: қуаттылығы 310 МВт газ турбиналы электр стансасы; техникалық газдарды өндіру кешені; суды әзірлеу мен тазалау кешені.
Ал жалпы зауыттық инфрақұрылымды қалыптастыру үшін кедендік тексеру аймағы бар бақылау-өткізу модулі, қатты тұрмыстық шығындардың полигоны, өрт сөндіру депосы, жөндеу-құрылыс цехі, сақтау қоймасы, алаң ішіндегі су, газ, электр, жылу желілері.
Инфрақұрылым нысандарының орталықтандырылған құрылысы және пайдаланылуы есебінен күрделі шығындарды өтеуге, модульдік құрылысты іске асыруға, мұнай-химия жобаларының тиімділігін көтеруге мүмкіндік туады.
Қор басшысы сонымен қатар полиэтилен, бутадиен және синтетикалық каучук өндіруге бағытталған жобалардың алдағы даму жоспарларын талқылады. Барлық жобаларды «Біріккен химиялық компания» ЖШС жүзеге асырады. Атқарылған жұмыс арқасында елдің батысында құрылыс жүргізу кезінде 9 мыңнан астам жұмыс орны құрылады, ал нысандар пайдалануға тапсырылғаннан кейін 2 мыңға жуық адам еңбекпен қамтылмақ.
-
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
Оқушыларға арналған президенттік олимпиада: Жеңімпаздар қандай сыйлыққа ие болады -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
Отандық ғалымдар онкологиялық ауруларды диагностикалауға арналған ерітінді жасап шығарды -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
«Болашақ бүгіннің өзінде»: Қазақстанда Нобель фестивалі өтеді -
30 қазақстандық компания «Жасыл кеңсе» конкурсының жеңімпазы атанды -
Отандық ғалымдар жаралар мен күйіктерді емдеуге арналған инновациялық құралдар әзірледі -
Қазақстанда цифрлық трансформация көшбасшыларын даярлау жоспарлануда -
Қазақстанда дизель отынының бағасы неге күрт өсті -
Қазақстанда мүгедектігі бар адамдар қандай әлеуметтік көмек алады -
Қоғамдық кеңестердің қызметі, заңға енгізілген өзгерістер мен Kazkenes.kz порталының жұмысы