• Басты
  • Жаңалықтар
  • Премьер-Министр Маңғыстау облысының әлеуметтік-экономикалық дамуымен танысады

Премьер-Министр Маңғыстау облысының әлеуметтік-экономикалық дамуымен танысады

9 Тамыз, 2016 09:21
ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Маңғыстау облысындағы жұмыс сапары аясында Ақтау халықаралық әуежайының қауіпсіздік жүйесін тексерді, деп хабарлады Премьер-Министрдің ресми сайты.

Өкім ағымдағы жылғы Ақтөбеде 5 маусымда және Алматыда 18 шілдеде болған оқиғалардан кейін адамдар көп жиналатын нысандарда лаңкестікке қарсы қауіп факторларын ескере отырып, қауіпсіздік шараларын күшейтуге бағытталған. Осыған байланысты әуежайлардағы және теміржол вокзалдарындағы қауіпсіздік мәселелерінің маңызы зор.

Премьер-Министрге облыстағы әуежай және теміржол қызметі туралы баяндалды. Бұдан кейін К. Мәсімов әуе айлағының терминалында болып, тексерудің алғашқы желісінің жұмысын көрді және қауіпсіздік жүйесінің жұмысымен танысты. Сондай-ақ делегация кедендік және шекаралық бақылау аймақтарында болды және ішкі және халықаралық жүктерді өңдеу үдерісімен танысты.

Б класты Ақтау аэродромында тікұшақтармен, ұшақтармен жабдықтарды, қайраңдық кеніштерді игеріп жатқан компаниялардың материалдарын қабылдап, жөнелту мүмкіндіктері бар. Теңіз порты және теміржол қатынасының болуы теңіз, әуе және теміржол көліктерімен аралас жүк тасымалдарын қолдануға мүмкіндік береді.

Әуежай терминалы ұшулар туралы визуалдық хабарлаудың заманауи жүйесімен жабдықталғанын атап өткен жөн,  терминалда орнатылған мониторлардан жолаушылар тәуліктегі ұшып келулер және ұшып кетулер туралы ағымдағы ақпараттарды дер кезінде бақылап отыра алады.

К.Мәсімов аймақтарға сапарлары барысында көлік инфрақұрылымы нысандарының, атап айтқанда, әуежайлардың қауіпсіздігі мәселелеріне ерекше көңіл бөледі. Осылайша, Премьер-Министр бұған дейін Ақтөбе, Қарағанды, Талдықорған, Қостанай, Павлодар, Атырау әуежайларын тексеріп шықты және Петропавл әуежайын жөндеу барысымен танысты. 

 

Барлық жаңалықтар