Қазақстан мен Ресей шекаралас өзендер мәселелерін талқылайды

8 Тамыз, 2016 17:39
Кәрім Мәсімов өзінің ресейлік әріптесімен шекаралас өзендердің проблемалық мәселелерін талқылайды, деп хабарлады Премьер-Министрдің ресми сайты.

«Ресей Федерациясы Үкіметінің Төрағасы Д. А. Медведевпен алдағы кездесуде шекаралас өзендер мен Жайықтың табанын тереңдету мәселелерін талқылаймын», - деп жазды Қазақстан Премьер-Министрі Атырауда ҚР балық өнеркәсібін дамытудың проблемалық мәселелері мен перспективалары бойынша кеңестен кейін Twitter-дегі жеке аккаунтында.

ЕАЭО елдері үкімет басшыларының кездесуі Сочиде 12 тамызда өтеді. 

Барлық жаңалықтар