- Басты
- Жаңалықтар
- Ирандық инвесторлар Жамбыл облысына инвестиция салуға ниетті (ФОТО)
Ирандық инвесторлар Жамбыл облысына инвестиция салуға ниетті (ФОТО)
Делегацияны Иран Ислам Республикасының Жұмыс Партиясының Төрағасы Қамали Хоссейн Хасан мырза басқарады. Делегация құрамында ауыл шаруашылығының әр түрлі салалары бойынша мамандары бар.
Кездесуге облыс әкімінің орынбасары, ауыл шаруашылығы, жер қатынастары, кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармаларының басшылары, облыстық кәсіпкерлер палатасының директоры, ҰК"АҚ "Тараз " ӘКК" басқарма төрағасының орынбасары қатысты.
Кездесу барысында ауыл шаруашылығы жобаларын инвестициялау, сондай-ақ ынтымақтастықтың басқа да мәселелері және даму саласы талқыланды.
Кездесу барысында Жамбыл облысы мен Иран арасындағы ынтымақтастық мәселелері талқыланды.
“Қазақ елі әлемге қонақжайлылығымен аты шыққан. Алдымен ізгі ниеттеріңіз үшін рахмет айтқым келеді. Екіншіден, бізбен жұмыс істеуге келісім бергендеріңізге ризашылығым шексіз. Жамбыл өңірі егінге, мал шаруашылығына өте қолайлы өлке екен. Осы аймақта екі жаққа тиімді бірнеше жобаларды жүзеге асырсақ деген ниетіміз бар. Мәселен біздің елімізге ет қажет, дәрілік өсімдіктерден сусындар жасауға болады. Ауылшаруашылығы дақылдарын да өсіруге көмек беретін едік”,-деді делегация жетекшісі Камали Хоссейн Хасан.
Жамбыл облысы ирандық инвесторларға ауыл шаруашылығындағы қаржыландыруды қажет ететін инвестициялық жобаларды ұсынуға дайын екендігін жеткізді.
“Жамбыл өңірі агросекторға бейім. Өндірістік дамуы да жаман емес. Ауылшаруашылығы бойынша атап айтарлықтай жобаларымыз көп. Бізге қазір қант қызылшасын, жүгері алқаптарын жаңа технологиямен өсіру аса қажет. Одан басқа аймақ туризм, өндіріс үшін де аса қолайлы. Болашақта жүзеге асырылатын жобалар шикізатты өңдеуге бағытталса екі жаққа да тиімді болар еді”,-деді облыс әкімі.
Ағымдағы жылдың 15 тамызына дейін иран делегациясы облыстағы ауыл шаруашылығы объектілерімен танысады.
-
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
«Жасыл Қазақстан»: Ауа сапасын жақсарту, биоалуантүрлілікті сақтау және экомәдениетті қалыптастыру -
COVID-19: Әлемнің қай елдерінде балаларға вакцина салуға рұқсат етілді -
Маңғыстауға Қостанай облысынан 32 миллион теңгеге тегін мал азығы әкелінеді -
Екібастұз қаласының дамуы: инвестициялық жобалар, тұрғын үй, денсаулық сақтау және білім беру жүйелері -
ІІМ: Жамбыл облысындағы жарылыс және балалардың жолдағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері -
Жамбылдағы жарылыс: себеп пен салдар -
Жамбыл облысы: Аурудың жоғары деңгейі облыстың барлық қаласы мен ауданында байқалуда -
Жамбыл облысы тұрғындарының табысын көбейтуге бағытталған пилоттық жоба қалай іске асуда -
Эпидемиолог: Жамбыл облысында вакцина алғандардың саны күн сайын артуда -
Алматының дамуы: Эпиджағдай, денсаулық, білім, тұрғын үй саласы және инвестиция -
Шымкент қаласының дамуы: Өңірдегі эпиджағдай, инвестиция және ШОБ-ты қолдау шаралары -
Ақтөбе облысының дамуы: Өңірдегі эпиджағдай, инвестиция және ШОБ-ты қолдау шаралары