Олимпиада ойындарының 2020 бағдарламасына каратэ енгізілді

8 Тамыз, 2016 16:58
Биыл тамыз айында Халықаралық Олимпиадалық комитетімен Токиода болатын Олимпиада ойындары 2020 бағдарламасына каратэні енгізгендері мәлім болды. Бұл туралы Қазақстан каратэ федерациясының вице-президенті Жасталап Санауов ОКҚ-да өткен баспасөз конференциясында мәлім етті.

«Каратэні бес спорт түрінің қатарына бірнеше күн бұрын Токио қаласында өтетін Олимпиада ойындарының бағдарламасына қосты. Бұл біз үшін маңызды жаңалық, өйткені, каратэ 30 жылдан астам Олимпиада ойындарына кіруге талпыныс жасауда, 1985 жылы каратэ олимпиада ойындарының бірі ретінде мақұлданды және сол кезден бастап бұл спорт түрі Олимпиада бағдарламасына енуге талпыныс жасады және 2016 жылы арманға жеттік»,-деді ол.

Ж. Санауовтың айтуы бойынша, Қазақстанда каратэмен шамамен 20 мың спортшы айналысады және олардың ішінде шамамен 3 мыңнан астамы спорт мектептерінде жаттығады.

«Федерация құрылғаннан бері қазақстандық спортшылар 12 әлем чемпионатында қатысты. Сонымен қатар, біздің құрама Азия чемпионатында және алтыншы Азия ойындарында жақсы нәтиже көрсетті. Азия ойындарында  5 алтын, 5 күміс және 5 қола медальді қанжығаларына байлады»,-деп сөзін жалғастырды.

Сонымен қатар, спикердің айтуы бойынша, қазіргі күні лицензияның қалай ойнатылатындығы туралы нақты ақпарат әзірше жоқ.

«Әзірге төрт нұсқасы қарастырылуда: құрлықтық іріктеу, әлем чемпионатына іріктеу, халықаралық лицензиялық турнирлер және Дүниежүзілік Каратэ федерациясының рейтінгі бойынша»,-деп хабарлады Ж. Санауов.

Айта кететін жайт, Инчхонда өткен соңғы Азия ойындарында қазақстандық құрама 8 спортшыдан тұрды және олар екі алтын, үш күміс және бір қола медаль алды.

«Сегіздің алтауы медаль әкелді. Өздеріңіз көріп тұрғандай, көрсеткіш өте жақсы. Азияның соңғы чемпионатында 34 қатысушы елдердің ішінде жаллпы командалық екінші орын алды, үш алтын, екі күміс және бір қола медальді қанжығаға байлады. Көптеген балалр каратэмен айналысады – бұл атақты спорт түрінің бірі. Соңғы әлем чемпионатында бір күміс пен бір қола медаль алынды»,-деді ол.

Естерінізге сала кетейік, Қазақстанның каратэ Федерациясы 1991 жылдан бастап жұмыс істеуде және Дүниежүзілік және Азиялық федерацияның мүшесі болып табылады.

Индира Қауметова

Барлық жаңалықтар