- Басты
- Жаңалықтар
- 2016 жылы Қазақстанда 21 білім беру нысаны пайдалануға берілді
2016 жылы Қазақстанда 21 білім беру нысаны пайдалануға берілді
Ағымдағы жылы Ұлттық қор қаражаты есебінен білім беру нысандарының құрылысына 57 млрд теңге бөлінді, оның аясында 96 нысанның құрылысы жүргізіліп жатыр, олардың ішінде – 51,2 млрд теңге сомаға 77 мектеп, сондай-ақ 6,7 млрд теңге сомаға 19 балабақша.
Кеңес барысында ҚР білім және ғылым вице-министрі Бибігүл Асылова 1 тамыздағы жағдай бойынша жергілікті атқарушы органдарға 26,9 млрд теңге – жылдық жоспардың 46% аударылғанын мәлімдеді.
Вице-министр 21 білім беру нысаны пайдалануға берілгенін айтып өтті, оның ішінде 13 мектеп (Қызылорда облысында - 2, ОҚО-да - 7, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан және Маңғыстау, Солтүстік Қазақстан облыстарында - 1 мектептен), сондай-ақ 8 балабақша (Алматы облысында - 2, Қарағанды, Маңғыстау облыстарында, СҚО-да, ОҚО-да, Алматы қаласында – 1 нысаннан).
«Жедел мәліметтерге сәйкес 23,7 млрд теңге немесе қаржыландыру жоспарынан 88,2% игерілді. Игерілмеген қаражат қалдығы 3,2 млрд теңгені құрайды. Игерілмеген қаражаттың ең көп үлесі 5 өңірге – Алматы, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Оңтүстік Қазақстан облыстарына, Астана қаласына тиесілі», - деп баяндады Б. Асылова.
Оған қоса, ол мердігерлермен соттың талқылауы, мердігердің құрылыс-монтаж жұмыстары кестесінен кейін қалуы, мемлекеттік сатып алулардың аяқталмаған рәсімдері және келісім-шартты кеш жасау қаражаттың игерілмеуінің негізгі себептері болып табылатынын айтты.
Өз кезегінде Премьер-Министрдің орынбасары Д. Назарбаева облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктеріне білім беру нысандарын пайдалануға беру мерзімдерін орындамауға жол бермеу бойынша мердігерлермен жүйелі жұмысты қамтамасыз етуді тапсырды.
«Қаржылай қаражатты уақтылы игеру бойынша шараларды қабылдау, сондай-ақ бақылауды күшейту және сәйкес ведомство тарапынан нысандар құрылысының барысына мониторинг жүргізу тетігін жасау қажет», - деді Д. Назарбаева.
-
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Елордада Al-Farabi Knowledge Centre атты білім орталығы ашылды -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
Елордада электр энергиясын беру және бөлу тарифі төмендетілді -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
Жылыту маусымы: Өрт қауіпсіздігі қалай қамтамасыз етіледі -
«Денсаулық» бағдарламасы: медициналық білім беруді жаңғырту мәселелері -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
«Болашақ бүгіннің өзінде»: Қазақстанда Нобель фестивалі өтеді -
«Білімді ұлт»: Балаларды мектепке дейінгі тәрбие және біліммен қамту мәселелері -
Қазақстанда цифрлық трансформация көшбасшыларын даярлау жоспарлануда -
Қазақстанда дизель отынының бағасы неге күрт өсті