- Басты
- Жаңалықтар
- Атырауда «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы 220 мыңнан астам қызмет көрсетті
Атырауда «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы 220 мыңнан астам қызмет көрсетті
Кәрім Мәсімов болған №1 бөлімде соңғы 6 ай ішінде қала халқына 221 823 рет қызмет көрсетілген. Жалпы алғанда, Атырау облысында халыққа мемлекеттік қызмет үш қалалық және жеті аудандық бөлімде көрсетіледі.
К.Мәсімов мекеме ғимаратын көріп, туындаған мәселелерді шешу үшін бөлім басшылығына бірқатар тапсырма берді.
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы осы жылдың сәуір айында құрылған. Халықпен мұндай жұмыстың басты артықшылығы, азаматтарға алдағы жылдары барынша көп қызмет көрсетіле алатындығында. Бірінші кезеңде корпорацияда 730 қызметтің 522-сі көрсетіледі.
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік қызметті көрсету үрдісі жылдам, ашық әрі қолайлы болуы үшін құрылған.
Айта кетейік, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы Мемлекет басшысының тапсырмасымен «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын жүзеге асыру аясында құрылған. Ұйымның өз ішінде төрт РМК біріккен – «ХҚКО», «Жер кадастры ғылыми-өндірістік орталығы», «Жылжымайтын мүлік орталығы» және «Мемлекеттік зейнетақы төлеу орталығы». Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер алдағы уақытта да жетілдіріле түсетін болады. Атап айтқанда, ұйым басшылығымен озық технологияларды және шешімдерді пайдалану, мемлекеттік қызметтерді алу кезінде әкімшілік кедергілерді азайту, «бір терезе» қағидасынан «бір өтініш» қағидасына ауысу жоспарланған.
-
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады -
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
Оқушыларға арналған президенттік олимпиада: Жеңімпаздар қандай сыйлыққа ие болады -
Ерікті студенттер үшін ақшалай сыйақы: Қандай қызметтерге төленеді -
30 жыл: Жаһандық бастамалардың халықаралық қауіпсіздікке қосқан үлесі -
Отандық ғалымдар онкологиялық ауруларды диагностикалауға арналған ерітінді жасап шығарды -
Кәсіпкерлік қызметті реттеу: Бизнеске жүктеме азайтылып, әкімшілік шығындар қысқартылады -
«Жусан» операциясы, терроризмді қаржыландыруға қарсы күрес шаралары және күзет қызметіне қойылатын талаптар -
ІІМ: Мемлекеттік қызметтер мен жол қозғалысын цифрландыру және мектептердегі қауіпсіздік шаралары -
ІІМ: Жол қауіпсіздігі мәселелері және жедел-қызметтік жұмыс қорытындылары -
Отандық ғалымдар жаралар мен күйіктерді емдеуге арналған инновациялық құралдар әзірледі -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 2 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
Еңбек нарығында қай сала қызметкерлеріне сұраныс бар -
АХҚО қызметі: жаңа бағыттар мен келісімдер