- Басты
- Жаңалықтар
- БҚО-да ауланы жөндеу мен абаттандыруға жергілікті бюджеттен 555 миллион теңге бөлінді
БҚО-да ауланы жөндеу мен абаттандыруға жергілікті бюджеттен 555 миллион теңге бөлінді
Олар жөндеу жұмысы жүріп жатқан Темір Масин, М.Мәметова, Кердері, Жымпиты, Петровский көшелері мен Еуразия және Гагарин даңғылдарында болып, жұмыстың орындалу барысын бақылады.
«Бүгін біз «Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша жүзеге асырылып жатқан инженерлік желілерді жөндеу жұмысымен таныстық. Бұл бағдарлама бойынша инженерлік жүйелерді жөндеу үшін облыс орталығына 2,5 миллиард теңге мөлшерінде қаражат бөлінді. Осы маусымда 40 шақырымнан (км) астам инженерлік желі жөнделмек, бұлар – 7 және 8 магистралды жылу трассалары (теплотрассы), су құбырлары желісі, канализациялар. Еуразия даңғылы бойынша 4 шақырым су құбыры жөнделмек, бұл ретте толық жаңғырту жұмыстары жүргізілуде. Қазіргі уақытта канализация тұрбасының 2 шақырымы (километр) ауыстырылды. Мұз Сарайына дейінгі аумаққа жаңа асфальт төселді, бұйырса, бұл жұмысты қазан айына дейін бітіреміз деп жоспарлап отырмыз. Мердігер компанияларға белгіленген барлық жұмыстарды жаңа жылу маусымы басталғанға дейін бітіру жөнінде тапсырма берілді. Инженерлік желіні жаңғырту жұмыстарының нәтижесінде қаланың инженерлік инфрақұрылымы жаңарып, тұрғындарға көрсетілетін коммуникациялық қызмет сапасы жақсаратын болады», -деді өз сөзінде Алтай Көлгінов.
Бұдан басқа қазіргі уақытта қаланың 14 көшесі күрделі жөндеуден өтуде, бұған 3,7 миллиард теңге бөлінген. Сондай-ақ, 30 ауланы жөндеуге және абаттандыруға жергілікті бюджеттен 555 миллион теңге бөлініпті.
Рейд барысында өңір басшысы Достық даңғылында жөндеу жұмысын жүргізіп жатқан “АзияТехСтрой” ЖШС- ның басшылығына бірқатар ескертулер жасады.
«Егер мердігер міндетіне алған жұмысын белгіленген мерзімде аяқтай алмаса немесе жасаған жұмысы сапасыз болса, онда оған қатаң шаралар қолданылып, тіпті айыппұл салынуы мүмкін», – деген әкім ондай жауапсыз компаниялардың алдағы уақытта осындай ауқымды жұмыстарды орындаудан аластатылатынын айтты. Ол, сондай-ақ, кездесу барысында мердігер компаниялардың басшыларына міндеттеріне алған жұмыстарын жеделдетіп, белгіленген уақытында және сапалы орындауды тапсырды. Әкімнің сөзінше, жұмысын сапасыз орындаған мердігерлерге айыппұл салынбақ.
-
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Ағзадағы темір тапшылығы: Себептері мен салдары -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
ITEC: Оқу бағдарламасының мүмкіндіктері мен ерекшеліктері -
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері -
Елордада электр энергиясын беру және бөлу тарифі төмендетілді -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады