Голландия Алматыда инновациялық жылыжай салуға ниетті

8 Тамыз, 2016 16:18
Алматы қ. Инвесторларға қызмет көрсету орталығы «Staay Food Group» голландия компаниясымен қала аймағында инновациялық жылыжай ашу бойынша өзекті келіссөздер жүргізуде, деп қала әкімдігінде хабарлайды.

Еуропалық жақ Алматы қаласында жеміс-жидектер мен көкеністердің толық сұрыптамасын өсіруге ниеттіліктерін айтып өтті. Олардың айтуы бойынша, жобаның инновациялығы жыллыжай кешенінің жер учаскісін қажет етпейтіндігінде: жеміс-жидектер мен көкеністер арнайы сөрелерде өсіріледі.  

Осылайша, қалада Президент Н.Назарбаевтың «100 нақты қадам» бағдарламасы аясында  инвестициялық және трансұлттық компанияларды тарту жұмысы жүргізілуде.

Айта кетейік, Staay Food Group еншілес компанияларымен бірге жеміс-жидектер мен көкеністі өсіріп, жеткізеді. Компания 1946 жылы құрылды және Папендрехт, Нидерландыда тірек етуде. Компанияның Нидерланды, Испания, Израиль, Египет, Шығыс Еуропа, Оңтүстік Америка мен Румынияда локациясы бар.

Барлық жаңалықтар