- Басты
- Жаңалықтар
- Кәрім Мәсімов Қашаған мұнай кен орындарындағы өндіріс нысандарында болды
Кәрім Мәсімов Қашаған мұнай кен орындарындағы өндіріс нысандарында болды
Мұнай өндірісі көлемін тұрақты ұлғайту мәселесінің Қазақстан экономикасы үшін стратегиялық маңызы зор. Атап айтқанда, 14 маусымда өткен Үкімет отырысы кезінде Премьер-Министр биыл мұнай өндірісін 74 млн тоннадан 75 млн тоннаға дейін арттыруды тапсырды. Сонымен қатар Энергетика министрлігі мен ҚМГ алдына 2016 жылдың қазан айына дейін Қашағанда мұнай өндіруді іске қосу міндетін қойды.
Қашағанда мұнай өндіру оны қалпына келтіру жұмыстарына байланысты тоқтатылған болатын. Жоба 2013 жылдың 11 қыркүйегінде іске қосылды, сол күні Қашағаннан алғашқы мұнай алынды. Алайда 24 қыркүйек күні D аралынан «Болашақ» зауытына өтетін құбырды жоспарлы тексеру кезінде ілеспе газдың ағып кеткені анықталды. Осыған орай Қашағанда мұнай өндіру зақымдалған учаскеде жөндеу жұмыстары аяқталғанға дейін тоқтатылды. Жөндеу жұмыстарынан соң газдың ағып кетуі тағы анықталып, мұнай өндірісі тоқтатылды. Жұмыс тобы жүргізген талдам көрсеткендей, газдың ағып кетуіне сульфидті қосындылар әсерінен құбырлардың шытынауы себеп болған. Бұл мәселені шешу үшін газ және мұнай құбырларын толығымен ауыстыру қажет болды.
D аралы Атырау қаласынан 85 шақырым қашықтықта орналасқан және бүгінде оның құрылысына 3,5 миллион тонна тас жынысы қолданылған. К.Мәсімов бұрғылау ұңғымаларын көріп, нысанда жүргізіліп жатқан жұмыстармен танысты. NCOC компаниясының басқарушы директоры Бруно Жардэн ҚР Премьер-Министріне кен орнында жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы баяндап, Солтүстік-Каспий жобасының жүзеге асырылу барысы туралы әңгімеледі.
2014 жылы Солтүстік-Каспий жобасының консорциум мүшелері кен орнында бір жерде шоғырландырылған бірлескен компания жұмыс істейтіні туралы келісімге келген болатын, ол сол кезде жұмыс істеп тұрған «NCOC» операторының атауын иеленді.
-
ДСМ: Omicron штамының таралуын болдырмау мақсатында қандай шектеулер енгізіледі -
Мектеп оқушылары арасында үздік ораторлар белгілі болды -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері -
Өндірістік жарақаттанудың алдын алу шаралары -
Маңғыстау облысында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
Маңғыстау облысының дамуы: Өңірді сумен жабдықтау, газ, мұнай өндіру және экология мәселелері -
Орта Азия елдеріндегі көміртегі бейтараптығына қол жеткізу бойынша бірлескен іс-шаралар -
ДСМ: Дәрігерлер жалақысы, дәрі-дәрмекпен қамту және елдімекендердегі медкөмек мәселесі -
Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстарындағы коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
Машина жасау: Өндіріс көлемі, экспорт және саланың өзекті мәселелері -
Өндірістегі жазатайым оқиғалардан болатын өлім-жітім 12,3%-ға төмендеді -
Атырау және Қызылорда облыстарында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
Тоқаев: Қазақстан медиа және креативті индустрия саласында бірлескен жобаларды іске асыруға дайын -
Тауар нарығындағы теңгерімсіздік, инфляция және мұнай бағасының төмендеуі