Астанада қонақ үй бизнесінде жемқорлықтың алдын алу шаралары талқыланды

9 Тамыз, 2016 09:39
«Жемқорлықсыз әлем – гүлденген ел» партиялық жобаны жүзеге асыру аясында «Нұр Отанның» Астана қалалық филиалында қонақ үй бизнесіндегі жемқорлықтың алдын алу мәселесі талқыланды.

Нұр Отанда хабарлағандай, шара диалогтік алаң форматында өтті.  «Нөлдік шыдамдылықты» қоғамда қалыптастыруға байланысты жоспарланып отыр.

«Жұмыс жоспарына сәйкес, «Жемқорлықсыз әлем – гүлденген ел» партиялық жоба бойынша партия мүшелері 160 әр түрлі форматтағы шараларды өткізді», - делінген хабарламада.

Диалогтік алаң қатысушылары жемқорлыққа қарсы заңнамаға енген өзгерістер талқыланды. 

Барлық жаңалықтар