- Басты
- Жаңалықтар
- ҚР Премьер-Министрі Атырау әуежайының қауіпсіздігін тексерді
ҚР Премьер-Министрі Атырау әуежайының қауіпсіздігін тексерді
Қазақстан үшін жаңа фактор – терроризм қатерін ескерумен жұмыста қауіпсіздік шараларын күшейту туралы өкім биылғы жылғы 10 маусымда Ақтөбеде және 18 шілдеде Алматыда орын алған оқиғалардан кейін адамдар көптеп жиналатын барлық нысандарға жіберілді. Әуежайлардағы қауіпсіздік мәселелерінің бұл тұрғыда маңызы зор.
Облыс әкімімен бірге К.Мәсімов халықаралық сектор жолаушыларының ұшып келу және ұшып кету залын, сондай-ақ жалпы күту залын аралады. Премьер-Министр әуежай жұмысы туралы баяндаманы тыңдады, сонымен қатар аэровокзал ғимаратына қосымша салынатын ғимарат құрылысының бекітілген жобасымен танысты.
Әуе айлағының жалпы авиациялық қауіпсіздігі қауіпсіздік және тексеру бөлімшелерінен тұратын авиациялық қауіпсіздік қызметімен қамтамасыз етілген.
Әуежайда жолаушыларды, олардың қолжүктерін, жолжүктерін және жүктерді тексеру арнайы техникалық құралдармен: қолжүгін, жолжүгін, жүкті және пошта жөнелтімдерін ашпай-ақ қарап тексеру жұмыстарына арналған рентгенді құрылғы және адам денесінде немесе киімінде жасырылған металл заттарды анықтайтын құрылғы арқылы жүзеге асады.
Аймақтарға сапары барысында Кәрім Мәсімов көлік инфрақұрылымы нысандарының, әсіресе, әуежайлардың қауіпсіздік мәселелеріне ерекше назар аударады. Осыған дейін Премьер-Министр Ақтөбе, Қарағанды, Талдықорған, Қостанай, Павлодар әуежайларын тексеріп, Петропавл әуежайын қайта қалпына келтіру жұмыстарымен танысты.
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Pfizer: «Препараттың қауіпсіздігіне алаңдауға не күмәндануға негіз жоқ» -
Атырау және Қызылорда облыстарында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
ІІМ: Жамбыл облысындағы жарылыс және балалардың жолдағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері -
ҚР-дағы жұмыс күшінің саны 2050 жылға қарай шамамен 11,4 млн адамды құрайды -
ҚР энергетика саласы: Мұнай-газ саласы, жер қойнауын пайдалану және электр энергетикасы -
Атырау облысының дамуы: Эпидемиологиялық ахуал, инвестиция, ШОБ және тұрғын үй мәселелері -
ҚР экологиясы: Ауаның ластануы, қоқыс жағатын зауыттар мен су мәселесі -
ҚР экономикасы: Бес айда не өзгерді -
ТЖМ: шомылу маусымы, Риддердегі өрт пен Алматыдағы жер сілкінісінің алдын алу -
Мәжіліс отырысы: қашықтан жұмыс істеу, фeльдъeгepлік байланыс және жер қатынастары туралы Заңдар -
ҚР экономикасы: ЖІӨ, инвестиция, сыртқы сауда және экономикалық белсенділікті ынталандыру шаралары -
ҚР Энергетикасы: Электронды аукцион мен өткізу процесін жетілдіру және цифрланатын жобалар -
ҚР Денсаулық сақтау жүйесі: көлік медицинасы, дәрігерлер жалақысы, ана өлімі, пандемиямен күрес шаралары -
Мәжіліс отырысы: әлеуметтік кәсіпкерлік, «Ashyq» қосымшасының кемшіліктері, қандастардың ҰБТ тапсыруы