- Басты
- Жаңалықтар
- Елордада қауіпсіздік жөніндегі ІІ Жазғы мектеп ашылды
Елордада қауіпсіздік жөніндегі ІІ Жазғы мектеп ашылды
«Жазғы мектепті екінші рет өткізіп жатырмыз, бұл жаңа жоба, біз оны өткен жылы іске қостық – қарастырдық, зерттедік және биыл жалғастыруға бел байладық. Байқау жарияладық, 100-ден астам түрлі өтініштер келіп түсті, алайда, ұзақ уақыт таңдаудан кейін, тек 20 қатысушыны ғана таңдадық. Бұл біздің жас әріптестеріміз және олар өткенде ғана магистратураны бітіріп, қазіргі күні түрлі ұйымдарда жұмыс жасап жүрген мамандар»,-деді ҚСЗИ директоры Ерлан Қарин.
Жазғы мектеп 8-12 тамыз аралығында өтеді. Мектеп аясында қатысушалар әйгілі қазақстандық сарапшылармен, меморганның өкілдерімен, сонымен қатар қауіпсіздік саласындағы шетелдің сарапшыларымен пікірталасқа түсетін болады.
«Көптеген ұйымдарда, шетелдік қорларда жазғы мектеп өткізудің тәжірибесі бар. Біздің жазғы мектебіміз кішкене өзгешеленеді. Біріншіден, тақырыбы жағынан – жыл сайын біз қауіпсіздік жөнінде өткіземіз, өйткені ҚСЗИ аймақтық және ұлттық қауіпсіздікке мамандандырылған. Екінші жағынан, басқа да меморгандарға өз көріністерін көрсетуге мүмкіндік беру, сараптамалық қоғамдастық пен мемлекеттік органдар арасында екіжақты коммуникацияны орнатуға мүмкіндік беру»,-деді Е.Карин.
Е.Кариннің айтуы бойынша, жазғы мектеп қатысушыларға академиялық білімдерін тереңдетуге және түрлі саяси және қауіпсіздік мәселесі бойынша жаңа ақпарат алуға, сонымен қатар тәжірибелік байланысты кеңейтуге сепкі болады.
«Жазғы мектеп – аға буынды сарапшылар арасында байланыс орнатудың мүмкіндігі»,-деді ол.
Кариннің айтып өткеніндей, келесі жылы жазғы мектеп бұдан да кең ауқымда өтетін болады, биыл көрші елдердегі әріптестерді шақырту жоспарланған. Олар: Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстан.
-
Елордада Париж келісімі міндеттемелерінің орындалу барысы талқыланып жатыр -
Мектеп оқушылары арасында үздік ораторлар белгілі болды -
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
ІІМ: Интернет алаяқтарға алданбау үшін нені білу керек -
Елордада Al-Farabi Knowledge Centre атты білім орталығы ашылды -
Елордада электр энергиясын беру және бөлу тарифі төмендетілді -
30 жыл: Жаһандық бастамалардың халықаралық қауіпсіздікке қосқан үлесі -
Елордада «Рухани жаңғыру» аясында қандай жобалар жүзеге асуда -
Елордада карантин талаптары жеңілдетілді -
ІІМ: Мемлекеттік қызметтер мен жол қозғалысын цифрландыру және мектептердегі қауіпсіздік шаралары -
Елордада «COVID-19» хореографиялық қойылымы ұсынылды -
«Қазақстанның киберқалқаны»: ақпараттық қауіпсіздіктің маңызы -
«Білімді ұлт»: Балаларды мектепке дейінгі тәрбие және біліммен қамту мәселелері -
Елордада құтқарушылар күні атап өтілді -
ІІМ: Жол қауіпсіздігі мәселелері және жедел-қызметтік жұмыс қорытындылары