- Басты
- Жаңалықтар
- Армия ойындарына қатысушылар Қазақстанның ерекше мәдениетімен танысты (ФОТО)
Армия ойындарына қатысушылар Қазақстанның ерекше мәдениетімен танысты (ФОТО)
Жақында ғана «Мерген шебі» мен «Артиллериялық оқ ату шеберлері» байқауына қатысушылар үшін айрықша мәдени бағдарлама ұйымдастырылды. Ойынға қатысушылар Алматы шаһарының мәдени мұрасы элементтерімен танысты. Қазақстан, Венесуэла, Қырғызстан, Қытай, Ресей, Беларусь, Зимбабве, Үндістан, Иран, Моңғолия, Грекия, Арменияның әскери қызметшілері ҚР Тұңғыш Президентінің саябағына, ҚР Ұлттық мұражайы мен әйгілі биік таулы «Медеу» мұз айдынына барды.
Әскери қызметшілердің назарына әртүрлі концерттік нөмірлер ұсынылды, қазақтың ұлттық және эстрадалық композициялары шырқалып, сондай-ақ, би нөмірлері орындалды. Одан басқа, қатысушыларға қалалық мейрамханалардың бірінде түскі қонақ асы ұйымдастырылды. Меймандар қазақтың ұлттық ас мәзірі, яғни, бесбармақ, бауырсақ, құрт және ұлттық сусын – қымыз бен шұбаттан дәм татты. «Маған ұлттық ас мәзірлеріңіз өте қатты ұнады. Әсіресе, бесбармақ.
Бәрі дәмді және тіл үйіреді», - деді Армениядан келген әскери қызметші Севад Погосян және барлық тағамдардың дәмінен қуана-қуана ауыз тидім деп атап өтті. Полковник Болат Жүнісбековтің айтуынша, бағдарлама шетелдік қатысушыларды Қазақстанның ірі қалаларының бірі Алматының мәдениеті және өнерімен етене таныстыру үшін ұйымдастырылды. Бұл күндері «Гвардейск» кентінің аумағында Армия халықаралық ойындары – 2016 байрақты бәсекесінің өткізілуі шеңберінде «Мерген шебі» және «Артиллериялық оқ ату шеберлері» байқаулары аяқталуға жақын қалғанын естеріңізге сала кетейік. Жалпы алғанда, байқауға 278 адам қатысуда. Атап айтқанда, 32 қазақстандық әскери қызмстші және 246 шетелдік қатысушы.
-
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
ITEC: Оқу бағдарламасының мүмкіндіктері мен ерекшеліктері -
Ірі салық төлеушілерді салықтық әкімшілендіру ерекшеліктері мен нәтижелері -
«Қазақстанның киберқалқаны»: ақпараттық қауіпсіздіктің маңызы -
Әлеуметтік жобаға өтінім қабылдау басталды: Мүмкіндіктері мен ерекшеліктері -
Халық санағы: Үй аралау кезіндегі ерекшеліктер, аралық қорытынды және қауіпсіздік шаралары -
"Рухани жаңғыру": Елордада қазақ тіліне аударылған 100 оқулықтың таныстырылымы өтті -
Қазақстанда журналистерге арналған бірегей сөздік таныстырылды -
Қазақстанның геология саласын дамыту шаралары -
«Әрекет» жобасының ерекшеліктері мен мүмкіндіктері -
Білім саласындағы 5 әлеуметтік жоба: Бағыты, ерекшелігі және мүмкіндіктері -
Әкімдерді тікелей сайлау: Талаптары мен ерекшеліктері -
Қазақстанның сайлау жүйесінің трансформациялануы -
Жаһандық рейтингтегі Қазақстанның аналитикалық орталықтары -
Ұлағатты ұстаз, білікті ғалым және ерекше тұлға