- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстанның Даму Банкі «Даму» Қорының консультанттары үшін оқыту семинарларын өткізуде
Қазақстанның Даму Банкі «Даму» Қорының консультанттары үшін оқыту семинарларын өткізуде
ҚДБ тарапынан Меморандумға Банктің Басқарма Төрағасы Болат Жәмішев, «Даму» қоры тарапынан – Басқарма Төрағасы Қаныш Төлеушин қол қойды.
Меморандумның негізгі мақсаты «Даму» қоры жанындағы Кәсіпкерлікке қызмет көрсету орталықтары және Кәсіпкерлікті қолдаудың мобильді орталықтары арқылы ҚДБ несиелеу бағдарламалары бойынша консультациялық-ақпараттық қызметтер көрсету аясында тараптар арасында өзара іс-әрекетті қамтамасыз ету болып табылады.
«Тарптардың қол жеткізген келісімдері аясында, ҚДБ және «ҚДБ-Лизинг» қызметкерлері 2016 жылғы шілдеде Астана және Алматы қалаларында және 13 облыс орталықтарында КҚО және КҚМО консультанттары үшін арнайы онлайн-тренингтердің бірінші кезенің өткізді. Атап айтқанда, семинарлар Ақмола, Алматы, Ақтөбе, Атырау, Жамбыл, Қарағанды, Қызылорда, Павлодар, Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан, Маңғыстау, Батыс Қазақстан облыстарында жұмыс жасайтын Кәсіпкерлікті қолдау орталықтары үшін өткізілді», - делінген хабарламада.
Онлайн-тренингтің негізгі тақырыптары ҚДБ несиелеу бағдарламаларына жеке кәсіпкерлік субъектілерінің қатысу шарттары, жобаларды қаржыландыру тетіктері болды, Банк ұсынатын кредиттік өнімдер және ҚДБ-нің өңірлер мен салалардағы несие қоржынының құрылымы туралы толық ақпарат ұсынылды. Сондай-ақ, екінші деңгейдегі банктер арқылы «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында өңдеу өнеркәсібіндегі жобаларды несиелеу шарттары қаралды.
«Даму» консультанттарына арналған семинарларды ҚДБ қызметкерлері тоқсан сайынғы негізде өткізеді. Сондай-ақ өңірлік КҚО және КҚМО филиалдарында Банктің барлық кредиттік өнімдері бойынша үлестірме материалдартаратылады.
-
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
ҚЭҰҚ: Стихиялы қоқыс орнын ұйымдастырып, қоқыс полигонында өртке жол бергені үшін жауапкершілікті күшейту қажет -
ІІМ: Интернет алаяқтарға алданбау үшін нені білу керек -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
Astana Hub: IT-стартаптарды дамыту, оқыту және қаржыландыру -
ЖОО-ларды қаржыландыру, академиялық адалдық саясаты және оқытушылар жалақысы -
Жалға берілетін тұрғын үй: Алматылық жастар үшін талаптары қандай -
Ерікті студенттер үшін ақшалай сыйақы: Қандай қызметтерге төленеді -
Тұрақты экономикалық даму үшін қандай ұлттық жобалар жүзеге асады -
Ақтөбе облысының дамуы: Мемлекет басшысының тапсырмасы қалай жүзеге асып жатыр -
Ұлттық табиғи парктердегі құқық бұзушылық, маман тапшылығы және даму тұжырымдамасы -
Докторантураға түсу үшін қандай құжаттар қажет -
Әскери-қорғаныс өнеркәсібінің даму перспективалары