- Басты
- Жаңалықтар
- Астанада қазақстандық қағаздың шығу тарихы талқыланды
Астанада қазақстандық қағаздың шығу тарихы талқыланды
ҚР инвестициялар және даму министрінің орынбасары Альберт Раудың мәліметінше, сораны өңдеу сызбасы ұсынылды, оның нәтижесінде есірткі зат бар күнжара жойылады, деп хабарлады ҚР Премьер-Министрдің ресми сайты.
Кеңес барысында Д. Назарбаева сәйкес мемлекеттік органдарға өндіріс кәсіпорындарына ғылыми зерттеулер жүргізуге арналған сора айналымына қатысты қызметке лицензия берудің сапалы және ашық тетігін енгізу туралы тапсырма берді.
Оған қоса, Д. Назарбаева бұл жұмысты БҰҰ Конвенциясына сәйкес Халықаралық есірткіні бақылау комитетімен ынтымақтастықта және үйлестікте жүргізу керектігін айтып өтті.
Бұдан өзге, кеңес қатысушылары есірткілік емес сораны өсіру бойынша Жол Картасының қанатқақты жобасын іске қосу туралы ақпаратты тыңдады.
Жобаны жүзеге асыру аясында Қазақстан тарихында алғаш рет ауыл шаруашылығы жерлерінде сора тұқымдары Оңтүстік Қазақстан, Алматы, Қарағанды және Солтүстік Қазақстан облыстарына егілді. Эксперименттік өнім сораны өңдеу технологиясын жасау үшін АҚШ, Германия, Қытай және Бельгияға жөнелтіледі.
Жасалған зерттеулердің нәтижелері бойынша сорадан – банкноттан бастап орайтын және кеңсе қағазына дейін қағаздың барлық спектріне арналған целлюлозаны, сондай-ақ тоқыма және азық-түлік өнімдерін алуға болады.
ҚР Премьер-Министрінің орынбасары техникалық сорадан қағаз өндіру кезіндегі шикізаттың өзіндік құнының төмендеуіне назар аударды.
«Қазақстанның өз қағазы жоқ. Бізде бәрі импортталады, бұл өнімнің жоғары өзіндік құнына әсер етеді. Қазақстандық қағаз өндірісін іске қосу, оның ішінде баспа БАҚ үшін де аса өзекті», - деді Д. Назарбаева.
Кеңес соңында Д. Назарбаева сораның өнеркәсіптік өндірісін қатаң мемлекеттік бақылауда дамыту қажеттігін баса айтты.
-
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері -
30 қазақстандық компания «Жасыл кеңсе» конкурсының жеңімпазы атанды -
Халықты әлеуметтік қорғаудың қазақстандық моделі -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 2 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
Үйде арнаулы әлеуметтік қызмет ала алатын қазақстандықтардың тізбесі кеңейтілді -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 1,7 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
Тамыз кеңесі:Білім беруді дамытудың өзекті мәселелері талқыланды -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 1,5 трлн теңгеден астам сомаға зейнетақы төленді -
Үкіметаралық келісім шеңберінде қазақстандықтар қай елдерде тегін оқи алады -
COVID-19: 4 млн-нан астам қазақстандық вакцина алды -
БҒМ: 330 қазақстандық шетелде тегін оқуға мүмкіндік алды -
Қанша қазақстандық коронавирусқа қарсы вакцина алды -
EdTech: Қазақстандық білім беру технологиялары форумына тіркелу басталды -
CFA Institute ® алғаш рет қазақстандық университеттің бағдарламаларын мойындады -
Халық санағында қазақстандықтар қандай сұрақтарға жауап береді