- Басты
- Жаңалықтар
- ОҚО мен Аустрияның сауда-экономикалық ынтымақтастығы беки түспек (ФОТО)
ОҚО мен Аустрияның сауда-экономикалық ынтымақтастығы беки түспек (ФОТО)
Тараптар негізінен баламалы энергия көздері және туризм салаларын дамыту мәселелерін талқылады, сондай-ақ, құрылыс және ауыл шаруашылығы тақырыптары да күн тәртібінен тыс қалған жоқ.
Бұл ретте, Каринтия Үкіметінің үлкен жоспарын айта кеткен жөн. Мәселен, аймақ басшылары 2035 жылға дейін дәстүрлі энергия көздерінен бас тартып, толық «жасыл» энергия көздеріне өтуді көздеуде.
Бас қосу соңында тараптар өзара сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамытуға мүдделі екенін жеткізді. ОҚО әкімінің бірінші орынбасары Д.Сатыбалды Питер Кайзер мырзаға екі-жақты ынтымақтастықты дамыту бойынша меморандум түзуге ниетті екенін жеткізсе, Каринтия басшысы, өз кезегінде, аталған құжаттың тиісті заңнамалық процедураларын жақын арада өткізіп, бекітуге жіберетініне сөз берді.
Сондай-ақ, П.Кайзер мырза ОҚО әкімі Б.Атамқұловты Фельден қаласында 29 қыркүйекте өтетін Халықаралық экономикалық форумның құрметті қонағы болуға шақырды.
Естеріңізге сала кетсек, ОҚО делегациясының Аустрияға іс-сапары осы жылдың 1 тамызында басталды. Осы уақыт аралығында, делегация Каринтия және Штирия федеральды аймақтарының өнеркәсіп, туризм және әлеуметтік нысандарын аралады. Сонымен қатар, облыстың инвестициялық және туристік мүмкіндіктерін дамыту мақсатында аталған өңірлердің әлеуетті инвесторлары және саяси белсенділерімен кездесті.
Бұдан бөлек, Аустрияда «Оңтүстік» көркем сурет көрмесі өткізілді. Сондай-ақ, «Villacherkirchtag» фестивалі шеңберінде ОҚО өнер майталмандары аустриялық көрермен назарына қазақтың мәдени құндылықтарын паш етуде.
-
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Ағзадағы темір тапшылығы: Себептері мен салдары -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
ITEC: Оқу бағдарламасының мүмкіндіктері мен ерекшеліктері -
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері -
Елордада электр энергиясын беру және бөлу тарифі төмендетілді -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады