Қазақстан мен Қытай арасындағы ынтымақтастық шарықтап дамуда – СІМ

8 Тамыз, 2016 10:23
Қазақстанның Қытайдағы елшісі Шахрат Нұрышев ҚХР су шаруашылығы министрінің орынбасары, Трансшекаралық өзендерді қолдану бойынша Қазақстан-Қытай бірлескен комиссиясының тең төрағасы Чжоу Сюевэнмен кездесті.

СІМ мәліметінше, екі елдің одан әрі ынтымақтасуын жалғастыратын пікір алмасу трансшекаралық су ресурстарын қолдану саласында жүзеге асты. Атап айтсақ, комиссияның 14-ші отырысына дайындық пен  трансшекаралық өзендерді қолданудың үкіметаралық  келісімі талқыланды.

«Жан-жақты стратегиялық қарым-қатынас екі ел арасындағы жоғары деңгейде дамуда. Екі елдің арасындағы ынтымақтастық шарықтап дамуда. Қазіргі даму деңгейі екі елдің  Елбасыларының жұмысы нәтижесінде жоғары деңгейге шықты», - деді ҚХР-дағы ҚР елшісі.

«Қазақстан мен Қытай стратегиялық әріптес және көрші елдер. 24 жыл бойы екі елдің арасындағы саяси, сауда және экономикалық қауіпсіздік мәселелері дами түсуде. Екі ел арасындағы ынтымақтастық өңірге үлгі бола алады», - деді Чжоу Сюевэнь.

 

Барлық жаңалықтар