• Басты
  • Жаңалықтар
  • Алматыда қуаттылығы жылына 750 мың тонна болатын заманауи қоқыс өңдеу зауыты салынады

Алматыда қуаттылығы жылына 750 мың тонна болатын заманауи қоқыс өңдеу зауыты салынады

8 Тамыз, 2016 09:12
Алматыда Алатау ауданында салынатын қоқыс өңдеу зауытының жобасы таныстырылды, деп қала әкімдігінде хабарлайды.

Әкімдіктің мәліметі бойынша, қоқыс 14 атау бойынша, қағаз, әйнек, пластик а , органикаболып сортталады.. Қоқыстың толық көлемі анықталған соң біз қоқыс өңдейтін қуаттылықты іске қосып, екінші кезеңді бастаймыз. Өңдеуге жатпайтын қоқыс қалдықтары полигонға көміледі. Кәсіпорын толық қуатында жұмыс істесе, өңдеу тереңдігі 40%" - ға жетеді.

Зауыт 7,2 га жерге салынады, құрылыспен 500-ден астам адам айналысады, құрылыс басталысымен мұнда 150 адам тұрақты жұмыс істейді. Кәсіпорын үздік европалық қондырғылармен қамтампасыз етіледі, оның қуаты - жылына 750 мың тонна қоқыс өңдеу.

Жалпы, бұл жүйені модернизациялау нәтижесінде 2017 жылы қалаға 50 жаңа жүк машинасы қызмет көрсететін болады, осы айда оның 15 – і жұмысты бастайды, олар GPS жүйесімен жабдықталған. Жыл аяғына дейін 2,5мың қоқыс контейнері алмастырылып, 800-ден астам контейнер алаңдары пайда болады.

Қала басшылығының жоспарына сәйкес ТҚҚ-ды утилизациялау циклі мен оның инфрақұрылымы түгел өзгереді, қалалықтар өз беттерінше қалдықтарды сорттап, қоршаған ортаның тазалығына үлестерін қосатын болады.

 

 

Барлық жаңалықтар