- Басты
- Жаңалықтар
- Астананың белдеуі аймақтарында 6 сүт қабылдау пункті құрылады
Астананың белдеуі аймақтарында 6 сүт қабылдау пункті құрылады
АШМ ақпараты бойынша, Астананың азық-түлік белдеуі аймақтарында 100%-ға дейін ауылшаруашылық өнімдерімен қамтамасыз етуге болатындай әлеует бар. Ал, қазіргі таңда қайта өңдеу кәсіпорындары орта жүктеліммен 40% шамасында жұмыс істеуде.
Сонымен қатар, Астана төңірегінде орналасқан жеке қосалқы шаруашылықтармен жеткілікті шамада ауыл шаруашылық өнімдер өндірілуде және де оларды қайта өндеу кәсіпорындарына жіберу қажет. Мысалы, Астананың азық түлік белдеуі аймағында орналасқан ЖҚШ-мен 470 мың тонна сүт өндіріледі. Оның ішінде 54 мың тоннасы қайта өңдеуге жіберіледі. Алайда, сүт өнімдерін қайта өңдеу кәсіпорындары 40% қуаттылықта жұмыс істейді.
Қайта өңдеу кәсіпорындарының өндірістік әлеуетін арттыру үшін А.Мырзахметов олардың қуаттылығын еселейтін бірқатар шараларды ұсынды.
Әзірленген іс-шаралар жоспары 150 сүт қабылдау пункті, оның ішінде 6 белдеу аймағы, 2,5 мың отбасылық бордақылау алаңдарын ашуды қамтиды.
«Құрылатын бордақылау алаңдары мал сою, ет әзірлеп, сату және жем-шөппен қамтамасыз ету үшін ауыл шаруашылығы кооперативтеріне біріктіріледі», – деді А.Мырзахметов.
Сондай шаралардың бірі ретінде Жұмыспен қамту 2020 жол картасы қаржысы есебінен мемлекеттік қолдау білдіру, сондай-ақ, «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамынан қосымша қаржыландыру қарастырылатын болады.
Келесі мәселе – көтерме үлестіру орталықтарын құру.
«Жеке қосалқы шаруашылықтар және де шаруа қожалықтары алыпсатарларға сиыр етін 750-800 тенге/кг ұсынады, ал базарларда аталған өнім 1200-1300 тг/кг бағамен сатылады. Өндірушілер секілді еңбек етпей-ақ, ыстығына күйіп, суығына тоңбай, делдалдар қандай да бір шығынсыз өнімдердің бағасын екі есеге дерлік көтеріп сатады», – деді Ауыл шаруашылығы министрі.
Көтерме үлестіру орталықтары ауыл шаруашылығы кооперативтеріне біріктірілген ЖҚШ үшін өз өнімдерін орналастыратын алаң қызметін атқарып, алдағы уақытта қолжетімді бағамен қандай да бір делдалдардың үстемелерінсіз ірі елді мекендер тұрғындарының отандық сапалы өнімге деген қажеттілігін өтеуге мүмкіндік береді.
-
Магистратура/докторантура: Құжат қабылдау мерзімі ұзартылды -
Д.Абаев: Алтын Орда қалалары қайта қалпына келтіріліп, тарихи-материалдық кешен құрылады -
Биыл магистратураға түсу үшін құжаттарды қабылдау қашан басталады -
Әлеуметтік жобаға өтінім қабылдау басталды: Мүмкіндіктері мен ерекшеліктері -
«Ónerpaz bolsań…» атты байқауға өтініш қабылдау басталды -
Тамыз айында өтетін ҰБТ-ға қатысуға өтініш қабылдау басталды -
Қорғаныс министрлігінің әскери оқу орындары оқуға қабылдауды жүргізуде -
Халықаралық стандарттарға сай учаскелік полиция пункті ашылды -
«URKER-2021» Ұлттық бәйгесіне қатысу үшін өтінімдер қабылдау басталды -
Ақмола облысында жылына 350 тонна ешкі сүтін өндіретін ферма өнімдеріне сұраныс артты -
IV тоқсандағы оқу форматы мен мектепке қабылдау тәртібі -
Astana Hub: Invest Day-ге өтінім қабылдау басталды -
Қазақстанда Мұнай-газ машинасын жасауды дамытудың халықаралық орталығы құрылады -
Тоқаев: Aқша-несие саясатын рeттeйтiн комитет құрылады -
Қазақстанда жаңа агенттік құрылады