- Басты
- Жаңалықтар
- Астанада жастарды жұмыспен қамту мәселесі талқыланды
Астанада жастарды жұмыспен қамту мәселесі талқыланды
Мұндай шара күрделі экономикалық жағдай кезінде қала құраушы кәсіпорындардың білікті бағалы кадрларын сақтауға мүмкіндік береді.
Жергілікті атқарушы органдардың мәліметінше, осы кезеңдегі мұндай шаралар Алматы қаласындағы, сондай-ақ Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Павлодар және Оңтүстік Қазақстан облыстарындағы сегіз кәсіпорында қарастырылған. Осы кәсіпорындардың 3,1 мың жұмыскерінің жоғалған кірістерінің үштен екі бөлігін субсидиялауға мемлекеттік бағдарлама аясында 126,7 млн. теңге бөлінеді.
Кеңес барысында сондай-ақ жастар арасындағы жұмысқа ыңғайлары және оларды еңбекпен қамту талқыланды. ЖҚЖК 2020 бағдарламасы аясында жұмыссыз жастар үшін одан әрі еңбекпен қамту міндетінсіз жаппай компьютерлік сауаттылықты, кәсіпкерлік негіздерін, ағылшын тілін оқытуды енгізу ұсынылды. Мұндай машықтарды игеру жұмыс берушілер арасында олардың тартымдылығын арттыруға септігін тигізеді.
Осындай мақсатпен ЖҚЖК 2020 аясында алғашқы еңбекпен қамту проблемасы барЖОО және колледждердің түлектеріне арнап «жастар іс-тәжірибесінен» өту мүмкіндіктерін кеңейту ұсынылды, ол еңбек өтілі болып есептеледі.
Бұдан өзге, кеңес барысында «Жұмыспен қамтудың жол картасы 2020» бағдарламасы бойынша микрокредиттеу мәселелерін пысықтау тапсырылды. Осылайша, бағдарламаның тиімділігін арттыру үшін мал шаруашылығы саласында жеке ісін ұйымдастыру және кеңейтуге микрокредиттеу мерзімін 7 жылға дейін ұлғайту, сондай-ақ микронесие сомасын 16 млн теңгеге дейін арттыру мүмкіндігі талқыланды.
«Мал шаруашылығы, жемшөп базасы, ветеринарияны дамыту салаларындағы жобалардың арасында қаражатты бөліп, фермерлік шаруашылықтарды микрокредиттеуге бағыттайтын қаражатты әртараптандыру қажет», - деп атап өтті Дариға Назарбаева талқылау барысында.
Премьер-Министрдің орынбасары барлық салалық ведомстволарға Жұмыспен қамтудың жол картасына 2020 одан әрі өзгерістер енгізу үшін кеңестің барлық мәселелері бойынша бірыңғай шешім жасауды тапсырды.
-
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
QAZFORUM: Интернет сайттардың міндеті, «Инфодемия» мәселесі және «Фактчекинг» талабы -
«Білімді ұлт»: Балаларды мектепке дейінгі тәрбие және біліммен қамту мәселелері -
ДСМ: Дәрігерлер жалақысы, дәрі-дәрмекпен қамту және елдімекендердегі медкөмек мәселесі -
Пандемия басталғалы өзін-өзі нәтижесіз жұмыспен қамту 37% -ға төмендеді -
Тамыз кеңесі:Білім беруді дамытудың өзекті мәселелері талқыланды -
Жем-шөппен қамту және егін жинау науқанына дайындық мәселелері -
Алматы: Тауар айналымы, жөндеу жұмыстары және халықты жұмыспен қамту мәселелері -
ҚМ: Әскери ынтымақтастық, жауынгерлік дайындық және әскери білім беру мәселесі -
Edtech форумы: Білім беруде инновациялық технологияларды қолдану мәселесі талқыға түсті -
Елорданың дамуы: Қолжетімді баспа мен мектеп құрылысы, тұрғын үй және газбен қамту мәселері -
Тарихи роман - жастарды елдік рухта тәрбиелеу құралы -
2 млрд ағаш отырғызу: Егілетін ағаш түрлері, іске асыратын ұйымдар және қаржыландыру мәселесі