- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстан үшін тағдырлы қадамдардың бірі - «Болашақ» бағдарламасы – Н. Назарбаев
Қазақстан үшін тағдырлы қадамдардың бірі - «Болашақ» бағдарламасы – Н. Назарбаев
«Бүгінгі күні Сіздермен жүздесіп отырғаныма өте қуаныштымын. 1991 жылы Кеңес одағы ыдырап 15 мемлекет тәуелсіздік алды, оның ішінде Қазақстан да бар. Сол 15 республика ішінде экономикасы өрлеуі жағынан ең төменгілер арасында жүретін ел едік. Сол 91-ші жылы 16 желтоқсанда біздің 150 жылдық Ресейдің астында жүрген отаршылдық саясат құлады. Ары қарай қалай жүру керек, не істек керек? Қандай экономика жасау керек? Нарық экономикасына көшу, дүниежүзімен бірігу, сыртқы саясат деген бізде жоқ. Ішкі саясатымызды да Мәскеу тағайындап келетін. Кадрларымыз жоқ. Нарық экономикасы дегенді ешкім білмейді. Бұдан бұрынғы жоғарғы оқу орындары оған оқытқан жоқ», - деді Н. Назарбаев.
«Дүниежүзілік экономиканың не екенін ешкім білмейді. Біз бір жерге түсіп сынған табақтың бір сынығы сияқты болып қалдық. Экономика тоқырады, халық жұмыссыз қалды, жалақы төлейтін қаражат жоқ бюджетте. Зейнетақы төлейтін қаражат жоқ, барлық дүкендердің іші бос. Сатып алатын тамақтар да жоқ. Ай сайын инфляция 50%, жылына 2150%. Оның не екенін түсінесіздер. Ондай Латын Америкасы тоқырау кезінде де болған жоқ», - деді Елбасы.
Нұрсұлтан Назарбаев тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында қаржының болмағанына қарамастан білікті мамандарды даярлау шешімін қабылдау қажет болғандығын атап өтті.
«Тәуелсіз ел болып Қазақстанды жеке мемлекет жасау, оны көтеру деген ұлы мақсат алдымызда тұрды. Соның ішінде тағдырлы қадамдардың бірі «Болашақ» бағдарламасы еді. 93-ші жылдың күзінде тура 20 жыл бұрын мен шешім қабылдадым. Мемлекеттің қаражаты болмаса да егер де біз кадрларды дайындайтын болмасақ алға қарай жылжуға мүмкіндігіміз болмады. Себебі, жекешелендірген мекемелердің барлығына сыртқы инвесторларды тарту керек болды. Ол инвесторлармен солардың тілінде сөйлейтін біздің мамандар керек еді. Ең қиын кезеңде сол шешім қабылданды. Бүгінгі күнмен барлықтарыңызды шын жүректен құттықтаймын. Сыннан өтіп, білім алып елге қайтқандарыңызға ризашылығымды білдіремін», - деді Мемлекет басшысы.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қосшы қаласында «Алтын домбыра» айтысы өтті -
Елордада Париж келісімі міндеттемелерінің орындалу барысы талқыланып жатыр -
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым -
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Тұңғыш президент күні: Елбасының 10 басты шешімі -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
ДСМ: Omicron штамының таралуын болдырмау мақсатында қандай шектеулер енгізіледі -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Мектеп оқушылары арасында үздік ораторлар белгілі болды -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады